{metadescription}
Жамбыл облысында қар құрсауында қалған ауылдардың жолы тек көктемде аршылуы мүмкін
Жамбыл облысында қар құрсауында қалған ауылдардың жолы тек көктемде аршылуы мүмкін

Жамбыл облысында қар құрсауында қалған ауылдардың жолы тек көктемде аршылуы мүмкін

Жамбыл облысында қар құрсауында қалған 6 ауылдың жолы тек көктемде аршылуы мүмкін. Елді мекендерге қатынайтын негізгі жол күрелгенімен күнара жауған қар қайта басып қалуда. Соның кесірінен тазарту жұмыстары қиындап, 4 мыңға жуық тұрғын әлі күнге аудан орталығына жете алмай отыр. 

Жуалы ауданындағы Ертай, Көлтоған, Рысбек батыр, Ақтасты, Қошқар ата, Қызтоған ауылдарының жұрты бір жетіден бері сыртқа аттап баса алмауда. Биіктігі 4 метрге дейін жететін нығыздалған қар жолды көміп қалған. Ел-жұртқа ас-су тек әскери техникамен жеткізіліп жатыр. Науқастарды да осы көлікпен ауруханаға тасымалдайды. Ал, төтеншеліктердің машинасы түкке жарамсыз, ақ ұлпаға өздері батып қалады. Атқарушы билік ахуалдың ушыққанын мойындады. Жуалының табиғаты соңғы 8 жылда мұндай мінез танытпаған. Ертеңгі болжам да көңіл көншітпейді. Аймақта секундына 28 метрге жететін бұрқасын болады деп күтілуде.

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.