{metadescription}
Елімізде ақ түтек боранның кесірінен жолдар тағы жабылды
Елімізде ақ түтек боранның кесірінен жолдар тағы жабылды

Елімізде ақ түтек боранның кесірінен жолдар тағы жабылды

Ақ түтек боранның кесірінен Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында тағы жолдар жабылды. Тұрғындар қала іргесіндегі ауылдардың өзіне жете алмай отыр. Тіпті, жақындарының сүйегін жерлеуге апара жатқандар да бөгелуге мәжбүр. Ал Қарағанды мен Балқаш арасында жүздеген көлік 4 күннен бері көктайғақтан аттап баса алмай тұр.

- Балқаштан 250 шақырым жолды екі күн жүрдік. Бұл, Қазақстан ғой. Жолдар тазартылмайды.

Жауған қардың арты жауынға ұласып, жолдағы көктайғақта көлік түгіл адам жүре алмайтын жағдайға жеткен. Әсіресе Ақсу-Аюлы мен Спасск елді мекеніндегі 3 асудан өте алмай жіпсіз байланып тұр. Ал мынау Ақтөбе шетіндегі көрініс. Таңнан бері көлікпен қаладан шығуға Төтенше жағдай департаменті тыйым салыпты. Тіпті жақындарының сүйегін жерлеуге апара жатқандар да аялдауға мәжбүр.

Мақсат Тұрақбаев, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Оралға бір сүйек алып бара жатырмыз. Күтпегенде қайда барамыз? Не болғанда да апару керек, жетуіміз керек. Енді жол жабық деп тұр.

Боранда көрші облыстар тұрмақ, қала шетіндегі ауыл тұрғындары өз үйлеріне жете алмай отыр. Жүргізушілер жолға тұз бен құм шашатын қызметтің төбесін көрмепті. Жұмыстарына салғырттық танытпаса, есек аяңмен болса да жүрер едік дейді.

Қоныс Есікбаев, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Жол аршитын мекемелер бар ғой. Олар мына қысқа дайындалмаған ба? Не болған? Жазда дайынбыз, жүз трактор бар деді. Соншама машина бар деді. Қандай боран болсын, жауын-шашын болсын жол ашық болады деді. Сонда мынаны кімнен сұраймыз?

Қазір желдің екпіні бұл өңірде секундына 25 метрге дейін жетеді. Бұған қарамастан кейбіреулер жолға шығып жатыр.

Ерік Ерімбетов, Ақтөбе облыстық ТЖД басқарма бастығы:

-Осы біздің ескертулерімізді елемей жолға шығып, жолда тұрып қалған көптеген ақпараттар түсіп жатыр. Осыған дер кезінде департамент тарапынан және жергілікті атқарушы билік тарапынан көмек көрсетіліп жатыр. 

Шығыс Қазақстанда да республикалық маңыздағы жолдар жабық. Синоптикетрдің болжамынша онда қар аралас жаңбырдың соңы үскірік желге ұласады. Батыста да алдағы екі күн боран ұйытқып, аяз күшейеді делінген. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде