{metadescription}
Сенаторлар Нұртай Әбіқаевты ерекше қуанышпен қарсы алды
Сенаторлар Нұртай Әбіқаевты ерекше қуанышпен қарсы алды

Сенаторлар Нұртай Әбіқаевты ерекше қуанышпен қарсы алды

Зейнет жасына байланысты қызметінен босатылған Әбіқаев Сенатқа қайта оралды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы енді заң шығарумен айналыспақ. Ал қатарларына қосылып, алғашқы жұмыс күнін бастаған Нұртай Әбіқаевты сенаторлар ерекше қуанышпен қарсы алды.

 «Ура к нам Нуртай Абыкаевич пришел» Қош келдіңіз!

Кіре сала құттықтау қабылдап, алдыңғы қатардағы орынға жайғасқан Әбіқаевқа бұл жер таңсық емес. Саясаттағы ең ықпалды тұлғалардың бірі  2004-2007 жылдары Осы Жоғарғы палатада төраға болған. Бүгін Әбіқаев халықаралық қатынастар және қауіпсіздік комитетіне сайланды. Ал су жаңа депутаттың бұрын бірінші орынбасары болған Владимир Жұмақанов өткен жұмада Ұлттық қауіпсіздік төрағасы болып тағайындаған болатын. Елбасының мұндай  кадрлық шешіміне бүгін Жоғары палата бірауыздан келісімін берді. Құпия қызмет басшысының кандидатурасын Сенатпен мақұлдау Конституция талабы.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде