{metadescription}
Назарбаев генералдарға гибридтті соғыс туралы айтты
Назарбаев генералдарға гибридтті соғыс туралы айтты

Назарбаев генералдарға гибридтті соғыс туралы айтты

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі соғыстың басқаша сипат алғанын айтты. Бүгін Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қорғаныс министрлігіне арнайы барып, генералдарға нағыз шеберлік сағатын өткізді.

Қорғаныс министрі мен қазақ армиясына жауапты шенділерді жинап кеңес өткізген президент кез-келген жағдайға әрдайым дайын болуды жүктеді. Себебі әлемде қарулы қақтығыстардың өршуі, лаңкестіктік топтардан төнген қауіп әркез қырағы болуды талап етіп отыр. Сондықтан Назарбаев елдің қорғаныс қабілетін арттырып, жауынгерлердің әзірлігін ұдайы шыңдап отыруды міндеттеді. Қазақ әскерінің қауқарын мақтаған генералдарға  Жоғарғы Бас Қолбасшысы әлемді жайлаған гибридтті соғыс жайында айтып берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Мына дүниедегі жүріп жатқан соғыстың барлығы бұрынғыдай емес. Басқаша түрде жүріп жатыр. Біздің дайындығымызда соған сай болуы керек.  Әр қазақстандық өзінің қауіпсіздігін үйде ойлап жатқан кезде, ойында Қарулы Күштер тұрады. Біздің Қарулы күштеріміз бар, солар бізді қорғайды деп. Барлығы теледидардан көріп отыр ғой, не болып жатқан жағдайды. Сол болмасын деп тілеп отырады. 

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.