{metadescription}
Көкшетауда жүздеген жұмысшы жаңа жыл алдында жалақысын ала алмай жүр
Көкшетауда жүздеген жұмысшы жаңа жыл алдында жалақысын ала алмай жүр

Көкшетауда жүздеген жұмысшы жаңа жыл алдында жалақысын ала алмай жүр

Көкшетауда жүзге жуық жұмысшы жаңа жылды бір тиынсыз қарсы алғалы отыр. Өңірдегі ең ірі әрі ең көне кәсіпорын – «Элеватормельмонтаж» 4 айдан бері жалақы беруді тоқтатқан. Ал осы серіктестіктің бас директоры Илья Бабариновты жұмысшылар тіпті таба алмай жүр. Маңдай тер ақысын ала алмаған олар құзырлы орындардың барлығына шағымданған. Бірақ әзірге одан нәтиже жоқ.

Смирнов кентінде жаңа элеватор тұрғызып жатқан серіктестік қызметкерлері жұмысқа шығудан бас тартып отыр. Астық қамбаларын салып, оны жөндеумен айналысатын токарь, слесарь, дәнекерлеушілер елдегі дағдарыстың бұл жағдайға қатысы жоқ дейді. Өйткені тапсырыс көп. Соңғы жаңа нысанды 1 млрд 200 млн теңгеге тұрғызуға келісілген.

Тіріжан Жағыпаров, жұмысшы:

-Қазір бар жұмыс. Сендер ақшаны алып кеттіңдер дейді. Мында біздікілер айтады олар бермей жатыр деп. Сол екі арада жүрміз. Қалай өмір сүретінімізді білмейміз?

4 ай жалақы көрмеген олар балаларына жаңажылдық сыйлық жасамақ түгілі, күнкөрісіміз қиындап кетті деп ашынып тұр. Соңғы кезде бас директордан да көз жазып қалған.

Иван Герасименко, жұмысшы:

-Бұл оған атасынан қалған мұра. Ол қайтыс болған соң, кәсіпорынды Ресейдегі немересі Илья Бабариновке тапсырған. Ол бас директормын деп мұрнын шүйіріп жүріп, мекемені тұралатты.Түскен ақшаны бергісі келмеді

Жұмысшылардың алды мұнда 30 жылдай істеген. Серіктестік әрбіріне жарты миллион теңгеден қарыз. Бас директор қазір бұл қиындықтан шығудың жолын көрсететін маман шақыртқан екен. Ашынған жұрт олардан басшыны тауып беруін талап етті.

Александр Твердохлебов, дағдарыс салдарын реттеуші:

-Бұл кәсіпорынды құтқаруға келдік. Қазір жұмыс істеп жатырмыз. Бұл жағдайға біз жеткізген жоқпыз. Сондықтан ақшаның қайда кеткенін айта алмаймыз. Жаңа жылдан кейін ғана жалақы болады.

-1956 жылы негізі қаланып, тіпті 90-шы жылдары да жұмысы тоқтамаған кәсіпорын бір аптадан бері жабық. Қызметкерлері ең болмаса жаңа жыл қарсаңында жалақыларының бір бөлігі төленбесе жұмысқа шықпайтындарын жеткізді. Еңбек инспекциясынан бастап облыс әкімінің де атына арыз жазғанымен, олар тек айыппұл салумен шектеліпті.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.