{metadescription}
Астанада мемлекеттік бағдарламамен салынған үй тұрғындары сусыз отыр
Астанада мемлекеттік бағдарламамен салынған үй тұрғындары сусыз отыр

Астанада мемлекеттік бағдарламамен салынған үй тұрғындары сусыз отыр

Астанада мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған тағы бір үйдің шикілігі шығып жатыр. Елорданың қақ ортасында тұратын жүздеген тұрғын ауызсусыз қалды. Ал жертөлені керісінше кәріз суы басқан. Берекесі қашқан жұрт енді қақаған аязда жылусыз да қалуы мүмкін.

-Мынау ,не масқара

Бұл көп қабатты тұрғын үйдің жертөлесі тобықтан асатын кәріз суына толып тұр. Ал қолқаны қабатын иісі пәтерлерге дейін жеткен. Лас су жертөлені ғана емес, баспанаға жапсарлас салынған дүкен, сән салонын да  жайлапты. Шығынға батқан кәсіпкерлердің бірі осы үйден 60 мың долларға пәтер алып, дүкен ашуды ойлап жөндеуді бастаған екен. Енді не істерін білмей зар жылап жүр.

Райхан Нұранова, Астана қаласының тұрғыны:

-Қайда хабарлассаң да бұл үй пайдалануға берілген жоқ дейді. «Ауада» ғана есепте бар екен. Білмеймін лас суды жұтып ауру болдық.

Бюджеттік мекеме қызметкерлері тұратын үйдің коммуналдық түйткілі шаш етектен. Бірнеше күннен бері ауыз су атымен жоқ. Жығылғанға жұдырық, жертөлені кәріз су басуы жұрттың шыдамын тауысыпты. Ал шенеуніктер болған жағдайға жарылған құбырларды көміп тастаған жеке компаниядан көріп отыр. Тіпті апат орнын металл іздейтін құрылғымен әзер тауыпты.   

Нұрмат Әбдірайымов, Алматы ауданы әкімдігінің бөлім басшысы:

-Кәріз құдықтарын тауып, оны гидрамольтпен ашып кәріз құбырларын тазаладық. Енді ол жерлерді жаңағы балшық және лай болғандықтан оны жуу жұмыстарын бүгін жасадық. 1 сағаттың көлемінде ыстық су мұздай су толықтай беріледі.

Осылайша, шенеуніктер жұртте желтоқсаннан бері алдап келеді екен. Ал жаңа жыл түнінде әбден ығыры шыққан тұрғындар үйдің сапалы салынғанына күмәнмен қарап отыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.