{metadescription}
Қостанайда бір отбасы өрттің кесірінен баспанасыз қалды
Қостанайда бір отбасы өрттің кесірінен баспанасыз қалды

Қостанайда бір отбасы өрттің кесірінен баспанасыз қалды

9 адамнан тұратын жанұяның үйін қызыл жалын шарпып, дүние-мүлкі мен құжаттарын күлге айналдырған. Өздері аман қалғанына шүкір деген олар қазір туған-туыс пен көршілердің үйін жағалауға мәжбүр. Қайырымды жандар қолдарынан келгенше көмектескенімен бұл аздық еткен секілді.

Өткен демалыс күні Бибігүл Құсайынованың жинап-терген дүниесін қызыл жалын жалмап, тек күлін қалдырды. Бейқам жатқан отбасы тек бесіктегі бес айлық сәби мен өзге балаларды сыртқа шығарып үлгерген. Қатарлас салынған үй, монша және қорадан ештеңе қалмапты.

Бибігүл Құсайынова, Қостанай қаласының тұрғыны:

- Есікті ашуға талпындық, бірақ ол ашылмай қойды. Көмек сұрап айқайладым, алайда сыртта ешкім болмады. Көшеде өтіп бара жатқан бір жан табылмады. Ал көршілеріміз біздің дауысымызды естімепті.

Болжам бойынша өрт дәл осы жерден шыққан. Оған сымдардың тұйықталуы себеп болуы мүмкін екен. Өрт сөндірушілер келген сәтте ағаш үйдің түгі қалмай жанып кетті. Жылдар бойы жиған-тергенін аман алып қалғысы келген отағасының денесін  күйік шалса, аязда іш киіммен қалған балаларға суық тиіп, саусақтарын үсітіп алған. 

Мәдина Құсайынова, Қостанай қаласының тұрғыны:

-Құдайға рахмет, біз балаларымызды шығарып үйден, аман-есен қалғанымызға. Балаларымыздың кішкене аяқтары жаурап, қалай еді... Қазір шүкір.

Баспанасыз қалған олар қазір көршілері мен туған-туыстың үйін паналауда. Құжаттары өртеніп кеткеніне қарамастан бүгін жергілікті әкімдіктегілер оларды қабылдап, қандай көмек көрсететінін талқылапты. Қайырымды жандар да шет қалмай құрылыс материалдары және киім-кешекпен болса да көмектессе жақсы еді дейді Құсайыновтар. 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде