{metadescription}
«Бек Эйр»  авиация комитетіне тағы қыр көрсетті
«Бек Эйр»  авиация комитетіне тағы қыр көрсетті

«Бек Эйр» авиация комитетіне тағы қыр көрсетті

Еліміздің азаматтық авиация саласындағы дау жалғасуда. «Бек Эйр» компаниясы басшылары бүгін мәжбүрлі түрде халықаралық стандартқа сай тексерістен өту жайлы бұйрықты заңға қайшы деп мәлімдеді. Құны бірнеше миллион теңге тұратын сертификаттың бар-жоғы ұшу қауіпсіздігіне әсер етпейді екен.

Компания басшыларының айтуынша, Қазақстан Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы алдында ешқандай міндеттемені орындауға міндетті емес. Ал әуе кемелерінің көкке көтерілуі мен сертификаттауды заң бойынша Азаматтық авиация комитеті ешбір делдалсыз атқаруы тиіс. Оның үстіне, халықаралық стандарт бұзылған жағдайда комитет те, тасымалдаушы да, аталған қауымдастық та жауапкершілікті өз мойнына алмайды екен. Шенеуніктер өздері шығарған бұйрық күшін уақытша тоқтатқанымен, енді «Бек Эйр» мәселені сотта шешпек.

Нұрлан Жұмасұлтанов, «Бек Эйр» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы:

-Аталған бұйрық заңсыз, сондықтан күшін жою қажет. Ал мәселе конституциялық сотта қаралуы тиіс. Ұшу қауіпсіздігі мамандардың сапалы жұмысына тікелей байланысты. Айдаладағы ұйымның ақылы сертификаты ешқандай кепілдік бола алмайды. Оның үстіне «Бек Эйр» тек ішкі рейстерге қызмет көрсетеді, сондықтан сертификатты халықаралық ұйым емес, Қазақстан билігі беруі керек.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде