{metadescription}
Жамбыл облысында дәретханадан табылған нәрестеге нағашы әжесі таласып жатыр
Жамбыл облысында дәретханадан табылған нәрестеге нағашы әжесі таласып жатыр

Жамбыл облысында дәретханадан табылған нәрестеге нағашы әжесі таласып жатыр

Жамбыл облысында дәретханада табылған нәрестеге талас одан сайын қыза түсуде. Сәбиді нағашы әжесі бауырына басуға мүдделі. Сондықтан өзге асырап алушыларға бекерге жанталаспауға кеңес берді. Қазір соған қатысты құжаттарын жинап, мамандардан кеңес алуда. Дегенмен оның әрекетінен түк шықпайтын тәрізді. Өйткені заң бойынша жасы 45-тен асқан адамның жаңа туған сәбиді асырап алуға хақысы жоқ екен.

Бибігүл Мәжіғұлова 45 жастан асқанда бұлай ұятқа қалу үш ұйықтасам түсіме кірмеді дейді. Жалғызбасты әйел сұмдық оқиғадан әлі күнге есін жия алатын емес. Бұған дейін қызынан немере сүйген әйел екінші мәрте әже болатынын білмеген. Ал өлім аузынан қалған жиеніне ел-жұрттың таласуы оның жанына қатты батыпты. Айтуынша, өзі нәрестеден бас тартпақ емес, сондықтан бауырына басу үшін бар күшін салмақ. 

Бибігүл Мәжіғұлова, Мамай ауылының тұрғыны:

-Кешірсін, қайтып берсе екен енді, құдайдан тілейтінім осы. Баланы берсе болды, одан бас тартқан емеспіз.Ешкімге бермеймін, қайтып аламын. Екеуін өле өлгенше асыраймын.

Баласын туып, дәретханаға тастап кеткен 21 жастағы келіншек Тараздағы дәмханалардың бірінде даяшы болып қызмет істеген. Тапқан ақшасын ауылдағы екі жастағы қызы мен шешесіне жіберіп отырыпты. Үйіне жиі соқпайтын әйел бұған дейін тұрмыста болып ажырасқан екен. Ал бұл жолы отбасылы еркектен жүкті болса керек. Дегенмен әкесі одан бас тартпаған. 

-Сондай-ақ, көкек ананың өзі де суицид жасамақ болғаны анықталды. Көп мөлшерде дәрі ішіп хал үстінде ауруханаға түсіпті. Дәл сол кезде оның іздеуде жүрген әйел екені белгілі болған. Қазір ол кепіл ақымен босатылған, дегенмен қылмыстық іс әлі тергеліп жатыр. Енді ол аналық құқынан айырылады немесе 4 жылға сотталмақ.

Ал кішкентай Жансаяны ажалдан құтқарып қалған мына отбасы. Ерлі-зайыптылар бала-шағасымен қонаққа кетіп бара жатып, дәрет сындыруға тоқтаған. Әжетхананың шұңқырында шырылдап жатқан сәбиді ең бірінші келіні байқап тысқа жанұшыра жүгіріп шығыпты. Сөйтіп дереу тәртіп сақшыларына хабар берілген.

Гүлайым Көбәділова, Тараз қаласының тұрғыны:

-Қарасақ,дәретхананың ішінде бұрышында жатыр екен.. Оң жаңбасымен беті, бері қараған. Қол аяғы қимылдап жатыр. Сол дауысты естіп көрдік,сосын жолдасым хабар берді дереу.

Қытыгездікке барған келіншек ауылына шамамен 60 шақырым жердегі дәретханада қылмыс жасамақ болған. Оның бұл жерге немен келіп, немен кеткені беймәлім. Бірақ шақалақ осы жанұяның арқасында өлімнен аман қалды. Тараздағы бөбектер үйінде жатқан сәбиді кімнің бауырына басары әзірге белгісіз. Нағашы әжесіне де бұйырмайтын тәрізді. Өйткені заң бойынша жасы 45-тен асқан адам жаңа туған нәрестені асырай алмайды. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.