{metadescription}
Жамбыл облысында жаңа туған сәбиін жолға лақтырған әйел босанған қыздың жеңгесі болып шықты
Жамбыл облысында жаңа туған сәбиін жолға лақтырған әйел босанған қыздың жеңгесі болып шықты

Жамбыл облысында жаңа туған сәбиін жолға лақтырған әйел босанған қыздың жеңгесі болып шықты

Жамбыл облысында көліктен жаңа туған нәрестені лақтырып жіберген әйел босанған қыздың жеңгесі болып шықты. Бақыткүл Байсенгереева құрсақ көтермегендіктен күйеуі екеуі қайнысының қызын кішкентайынан бауырына басқан. Сондай-ақ, өлген сәбидің әкесі де анықталды. Ол Үшарал ауылының 17 жастағы тұрғыны екен. Жұрттың жағасын ұстатқан жантүршігерлік оқиғаға қатысты жаңа деректерді Руслан Әбдіхалық айтсын.

Жаңа туған сәбидің өлі денесі 5 күн бұрын Үшарал мен Ақкөл ауылы арасындағы тас жолдан табылған болатын. Жантүршігерлік жағдайдан соң білім саласы үлкен дауға қалды. 16 жастағы қыз оқыған мектептің басшысы өз еркімен қызметінен кетіпті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен мейірбике, сондай-ақ психолг пен сынып жетекшісіне қатысты да тексеру жүріп жатыр. Себебі бұлар 10-шы сынып оқушысының аяғы ауыр екенін жасырған. 

Айбол Жаңбырбеков, Ә.Сағынтаев атындағы мектеп директорының міндетін атқарушы:

-Бұл кешегі күнге дейін сабақта болған қыз. Оны мұғалімдер де байқамадық деп отыр ғой. Енді арам оймен күдіктеніп қарамайсың ғой оқушының бәріне, бәрін бірдей көресің.

Осы оқиғаның артынша білім ошағындағы жоғарғы сыныпта оқитын қыздар түгел тексеруден өткен. Ал мектепте жүріп жүкті болған оқушының сабақ үлгерімі жақсы екен. Әрі оғаш қылықтарымен көзге түспепті.

-Сәбиді туылған бойда көліктен лақтырып жіберген адам жасөспірімнің жеңгесі екен. Белгілі болғанындай, жасы елуден асқан келіншек бала сүймегесін қайнысының қызын асырап алған. Жолдасы екеуі ауылдың қойын бағып күнелткен. Ерлі-зайыптылар жайында тұрғындар жақсы пікірде. Ал 16 жастағы жасөспірімнің туған әке-шешесі Алматы облысында кәсіпкерлікпен айналысады. Қазір екеуі де ауруханадағы перзентінің қасында жүр.

Ғалима Төлепбергенова, Жамбыл облыстық перинаталдық орталығы бас дәрігерінің міндетін атқарушы:

-Қан кетуден әлсіреген болатын. Реанимация палатасына жатқызып, көмек көрсеттік. Бүгінгі күні ол палатада, қазір психологтар жұмыс жасап жатыр.

Тәртіп сақшылары мектеп оқушысымен жыныстық қатынасқа түсіп, жүкті қылған азаматты да анықтады. Ол Қаратау қаласындағы 17 жасар колледж студенті, әрі сол Үшарал ауылының тұрғыны екен.     

Гүлчехра Зияутдинова, Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекші маманы:

-Қазір тергеу жүріп жатыр. Неге қызбен жыныстық қатынасқа түсті, оның жас шамасын білді ме, осы жайттар тексерілуде. Негізі екеуі де кәмелет жасына толмаған. Мұндай жағдайда егер ересек адам болса, 5 жылға дейін жаза тағайындалады. Енді бұл жағын сот шешеді.

Шақалақты өлтіріп қолын қанға бояған әйел қамауда отыр. Оның жазасы ауыр, 20 жылға сотталады немесе өмір бақи бостандық көрмеуі мүмкін. Такси жүргізушісі де екі баппен айыпталуда. Қылмысты біле тұра хабар бермегендіктен енді 13 млн теңге айыппұл төлейді болмаса, 6 жылға абақтыға айдалады. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.