{metadescription}
Қазақ байлары дүние мүлкін дереу заңдастыра бастады
Қазақ байлары дүние мүлкін дереу заңдастыра бастады

Қазақ байлары дүние мүлкін дереу заңдастыра бастады

Дүние-мүлкін заңдастырған қазақтардың байлығы 600 миллиард теңгеге жуықтаған. Оның бір миллиарды шетелде жатыр. Негізінен бұл Біріккен Араб Әмірліктері, Испания, Венгрия мен Ресейдегі отандастарымыздың зәулім үйлері.

Бұл елімізде заңдастыру науқаны басталғалы бері мәлім болған деректер. Өткен жылдың желтоқсан айында заңдастыру тәртібі біраз жеңілдетілген болатын. Атап айтқанда, мүлкін банк арқылы қаржылай түрде көрсететіндер үшін 10 пайыздық жарна алынып тасталған. Сондай-ақ, әркім заңдастыратын мүлкін өз қалауынша бағалайды. Соның нәтижесінде мемлекеттік кірістер комитетіне қаражатын тіркеткендер де көбейіпті. Желтоқсан айында ол 81 миллиард теңгені құраса, бүгінде 135 миллиардқа жеткен. Ал заңдастырылған мүлікке қатысты мәліметтер құпия болып қалады. Оны жариялаған тіпті адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ.

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде