{metadescription}
Сапарбаевты  қытайлық аудармашының  қазақ тілін білмеуі ашуландырды
Сапарбаевты  қытайлық аудармашының  қазақ тілін білмеуі ашуландырды

Сапарбаевты қытайлық аудармашының қазақ тілін білмеуі ашуландырды

Ақтөбе облысындағы ең ірі мұнай бұрғылау компаниясы банкрот болудың алдында тұр. Қара алтын құны құлдырағалы жаңа ұңғымаларды қазуға тапсырыс түспеген. Сондықтан жұмысшыларының жартысына жуығын қысқартып, ақысыз демалысқа жіберіпті. Дағдарыста дәрменсіздік танытқан бұрғылау компаниясының басшысы жұмыс орындарын сақтап қалуды тапсырған облыс әкімінің алдында жыларман күйге түсті.

-Былтырдан бері Ақтөбе облысындағы «Ұлы қабырға» деп алатын компания қызметінің қиюы қашты. Жұмысшыларын шетінен қысқартып, қалғанын ақысыз демалысқа жіберген. Қытайлық инвесторлар мұнысын қара алтын құнының арзандауымен түсіндіреді. Себебі бұрғылау жұмыстары тұралап тұрғанда, мыңдаған адамды асырау оңайға соқпайды деп ақталады.

Бүгін де компанияның жағдайын білмекке барған облыс әкіміне  қытайлық басшылар қаржы жағынан қиналып отырғандарын айтып зар иледі. Оларды сабырға шақыруға аймақ басшысының өзі барған еді. Алғашында тіпті әкімнің қазақшасын аударатын адам таппай әбігерге түсті.

-Я задаю вам вопрос государственный язык какой в Казахстане?

-Казахский и руский.

-Нет. Казахский государственный язык. Русский язык межнацональный общении. Поэтому надо стараться что бы государственный  язык знал.

Ақыр аяғы әупірімдеп жүріп түсіндірген қытайлық инвестордың айтуынша, соңғы екі жылда ұңғыма қаздыруға тапсырыс азайған. Енді биыл бар үміттері «СНПС-Ақтөбемұнайгазда» екен. Олар жұмыс тауып бермесе одан әрі қалай күн көретіндерін білмейді.

Чжан  Цзюнь, Қытайлық компания директоры:

-Қазіргі жағдайымыз қиын. Тапсырыс болмаса компания жұмысын тоқтатуға мәжбүр боламыз. Енді жұмысшыларды қысқартпасақ, хәліміз одан әрі қиындайды.

Қара алтын құны арзандамай тұрғанда пайдаға қарық болғандарын қытайлық инвесторлар жасырмайды. Бірақ қиын күндерде сол қаржыны компанияның игілігіне жаратпай отырған акционерлердің қылығы Бердібек Сапарбаевқа ұнаған жоқ.

Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі:

-Соңғы 5-6 жылда 700-800 миллионнан пайда көріп отырдыңыздар. Сол қорды неге компанияның материалдық-техникалық базасын жаңартуға жұмсамадыңыздар? Қазір басқа да жұмыстарды қоса атқарып қиналмай отыратын едіңіздер.

Осылайша, «Ұлы қабырға» компаниясына облыс әкімі дағдарыс кезінде жұмыс орындарын сақтап қалу үшін басқа салаға да бейімделуді ұсынды. Ал қытайлық инвесторлар болса жарғылық құжаттары оған сәйкес келмейтінін айтады. Сондықтан тағы да жұмысшыларын қысқартуды шешіп отыр. 

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде