{metadescription}
Үкімет бюджетті қайта қарау мәселесін әлі шеше алмай отыр
Үкімет бюджетті қайта қарау мәселесін әлі шеше алмай отыр

Үкімет бюджетті қайта қарау мәселесін әлі шеше алмай отыр

Үкімет бекітіліп қойған бюджетті қайта қарауға қатысты шешім қабылдай алмай отыр. Басты қаржылық құжатқа өзгерту енгізу жайы әлі күн тәртібінде тұр. Өйткені, ел қазынасын 40 доллармен есептеп қойған. Ал қазір мұнай бағасы 30-дың айналасында. Мұндай жағдайда шенеуніктерге ғана емес, заң шығару органы да ширақ қимылдауы тиіс. Қазір елімізде бұл іске тек Сенат жауапты. Мәжілістің де қызметін уақытша қатар алып жүрген жоғары палатада Ербол Сейілхан болып қайтты.

Парламент сайлауына дайындық қыза бастағанда, Сенат жападан жалғыз елге маңызды заң жобаларының тағдырын шешіп жатыр. Жоғары палата Мәжілістей емес, министрлерге тым жұмсақ сияқты. Сенаторлар шенеуніктерді көп мазалаған жоқ. Оларға қарағанда бюджет қаржысына жауаптыларды журналистер орта жолдан тоқтатып сұрақтың астына алды.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

-Қазынаға қатысты жағдай әлі түсініксіз болып тұр. Экономика тек мұнай бағасына тәуелді емес. Сондықтан бюджетті тағы нақтылау үшін біраз ақылдасу керек. Осыдан кейін ғана бір тоқтамға келеміз.

Министрлер кабинетінің мазасыздануы бекер емес. Себебі 3 жылдық бюджет мұнайдың баррелі 40 доллармен есептеліп бекітіліп қойған. Ал қазір қара алтынның құны 34 доллардың шамасында. Қазақстан қазынасын қазбалы байлықтардан түскен пайдамен жауып отырғанын ескерсек,  жағдайдың күрт өзгеруі тиімді емес. Десек те, Үкімет ауыртпалықты әзірше көтеріп отыр.

Экономикадағы дағдарыстан бөлек, әлемді доңыз тұмауы шошытып отыр. Дүниежүзінде қауіпті індеттен жүздеген адам көз жұмған. Асқынған ауру Қазақстанға жетіп, бір отандасымыз бақилық болды. Бұған алаңдаған ата-аналар болса, Білім министрлігінен мектептерді карантинге жабуды сұрапты. Сәрінжіпов бұл мәселенің қарастырылып жатқанын, бірақ ол нақты жағдай бойынша қолға алынатынын айтты. Сондай-ақ, бүгін бас мұғалім, 12 жылдыққа ауысқан кезде, бала бірінші сыныпқа неше жастан барады деген сұраққа жауап берді.

Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:

-Бірінші сыныпқа барам десе, 6 жасар бала 1-ші сыныпқа барады. Дайындық класына барам десе де сондай мүмкіншілігі бар. Сондықтан ата-аналар өздері шешеді.

12 жылдық демекші, Білім министрлігі наурыз айында осы жүйеге көшудің жолымен таныстырмақ.  Яғни, бастауыш сынып оқушыларының кітабы, оқу кестесі жаңартылады деген сөз. Сонымен бірге биылғы түлектерді де кезекті реформа күтіп тұр. Көктемнен бастап   облыстарда 11 сынып оқушылары тестті тәжірбие ретінде интернет арқылы онлайн режимде тапсырады.   

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде