{metadescription}
Маңғыстау облысында жолаушылар пойызы мен көлік соқтығысып бір адам қаза тапты
Маңғыстау облысында жолаушылар пойызы мен көлік соқтығысып бір адам қаза тапты

Маңғыстау облысында жолаушылар пойызы мен көлік соқтығысып бір адам қаза тапты

Маңғыстау облысында жолаушылар пойызы мен газ тасымалдайтын көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты. Алматы – Маңғышлақ пойызы Сай-Өтес ауылының маңында күндізгі сағат 4 шамасында апатқа ұшыраған.

Теміржолға шығып кеткен газ таситын көлік «Қарақұдықмұнай» компаниясына тиесілі. Оның жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Сондай-ақ, пойыз машинисінің көмекшісі ауыр жарақат алды. Жолаушылар дін-аман. Өрттен қатты зақымданған тепловозды қалпына келтіру үшін арнайы мамандар мен апаттың мән-жайын анықтайтын комиссия оқиға орнына аттанып кетті. Қазір пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтап тұр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.