{metadescription}
Алматыда облысындағы апаттан соң санитарлық авиация түгел тексеріліп жатыр
Алматыда облысындағы апаттан соң санитарлық авиация түгел тексеріліп жатыр

Алматыда облысындағы апаттан соң санитарлық авиация түгел тексеріліп жатыр

Осы апатта опат болғандардың денелері Талдықорған қаласына жеткізілді. Үшеуіне сараптама жасалып, жер қойнына табыстау үшін мәйіттер бүгін туыстарына берілді. Мәйітханада қазір тек балаға көмек көрсету үшін барған екі дәрігердің денесі қалған. Сондай-ақ бүгін Алматы облысының әкімдігі марқұмдардың жақындарына материалдық көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

-Әуе апатынан қаза тапқандардың денелері Талдықорғандағы мәйітханаға түскі сағат бірде жеткізілді. Оларға бұл жерде сот-сараптамасы жасалуда. Сондай-ақ марқұмдардың денелерін тану үшін туыстары да шақыртылған.

Ет жақындарын жоғалтып, етектері жасқа толғандар түстен бері мәйітхана есігін торуылдап жүр. Қазірдің өзінде 3 адамға сараптама жасалды. Атап айтқанда ұшқыш пен екі айлық нәресте және оның анасының сүйектерін туыстары туған жерлеріне алып кетті.

-Ниеттендік тірі болатын шығардеп . Трамбациді түсіп кетті деді. Басқа ештеңе айта алмады. Диагноз қоя алмады ғой.

Марқұмдардың бәрі де ауыр жарақаттан көз жұмды деген қорытынды жасалып отыр. Қазір сотсараптама орталығында қалған екі адамның денесіне сараптама жасалуда.

Ардақ Әлішев,Талдықорған қалалық сот-медициналық сараптама орталығы директорының міндетін атқарушы:

-Алдағы 2-3 сағатта қалған екі адамның денесіне сараптама жасап бітеміз. Одан кейін денелерітуыстарына беріледі. Шамамыз келгенше жылдам жұмыс істеуге тырысып жатырмыз.

Қазір арнайыштаб құрылып, қаза тапқандардың туыстарына психологиялық көмек көрсетілуде. Сондай-ақ жергілікті билік марқұмдарды жерлеуге де қолғабыс етпек.

Айдар Башбаев, Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы:

-Бастысы қайтыс болған кісілерге көмек көрсетіледі. Материалдық көмек ретінде 1 миллион теңге бөлінеді. Жерлеу рәсімдеріне де көмектесеміз

Қалың жұрттыңқабырғасын қайыстырған апаттың себеп салдары қазір анықталып жатыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде