{metadescription}
Алматы облысындағы  тікұшақ апатына қатысты жаңа дерек шықты
Алматы облысындағы  тікұшақ апатына қатысты жаңа дерек шықты

Алматы облысындағы тікұшақ апатына қатысты жаңа дерек шықты

Алматы облысында бортында науқас сәбиі бар тікұшақ апатқа ұшырады. Санитарлық техника 2 айлық нәрестені жедел түрде Талдықорғандағы ауруханаға жеткізбек болып, кеше кешкісін Үшаралдан ұшып шығыпты. Алайда, қолайсыз ауа-райы салдарынан радиобағанаға соғылып, Қапал елді-мекенінің маңына құлаған. Бортындағы 5 адамның ешқайсысы да тірі қалған жоқ. Ұшқыш пен екі дәрігер қыздың, сырқат сәби мен оның анасының денелері тек таң ата табылды.

-Кеше күндіз Үшаралдан ұшып шыққан тікұшақ кешкі сағат бесте Талдықорғанға қонуы тиіс болған. Бірақ, аяқасты радардан жоғалып кетіпті. Бортында 5 адамы бар әуе көлігін құтқарушылармен қоса еріктілер де түні бойы іздеді.    

Таңға дейін жалғасқан іздеу шаралары таңғы 8 жарымда тоқтады. Түні бойы боранға қарамастан, тікұшақтағылар тірі қалды-ау деген үмітті Қапал ауылының маңынан табылған мына қалдықтар үзді.

Дарын Байсариев, Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары:

-Іздеу жұмыстарын ауа-райы қиындатып жіберді. Көзге түк көрінген жоқ. Десе де, жасақ түні бойы маңайды тінтіп шықты. Бірінші тікұшақтың қалдықтары табылды. Сосын үш адамның мәйітін байқадық.

Санитарлық авиацияда пайдаланылған әуе көлігінің бортында ұшқышпен қоса екі дәрігер, сырқат нәресте және оның анасы болған. Олардың ешбірі де тірі қалмады. 

Марқұмдар ақ қан дертіне шалдықты деген нәрестені Талдықорғанға жеткізбек болып асыққан екен. Тікұшақ тізгінінде тәжірибелі ұшқыш Виталий Кондратюк отырған. «Аспан» әуе компаниясына тиесілі техника 2012 жылдан бері ауыр науқастарды осылай тасып келіпті. АҚШ-та шығарылған әуе көлігінен осы кезге дейін бірде-бір рет ақау шықпаған. Сол күні де әдеттегідей диспетчерлерден рұқсат алып рейске кеткен.   

Наталья Лукьянова, «Аспан» әуе компаниясының заңгері:

-Тікұшақтың көкке көтерілуіне барлық рұқсат берілгеннен кейін экипаж науқасты алып ұшты. Ауа-райына қатысты ешқандай ескертулер болмады. Түні бойы көз ілмей біздерде күттік. Әріптесіміздің қазасына бізде қатты қайғырып отырмыз.

Ал тікұшақтың өзі әлемде ең қауіпсіз әуе кемелерінің санатында. Ұшуы тез, әрі жеңіл техника өткен жылдың қараша айында ғана бір жыл мерзімге ұшу сертификатын алған. Әуе компаниясында әлі де осы секілді бірнеше тікұшақ бар. Әзірге оқыс оқиғаның нақты себебі белгісіз. Тек қолайсыз ауа-райы деген жалғыз болжам қарастырылуда.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.