{metadescription}
Алматыда оқушылардың газдан улануына ата-аналар мен мектеп басшылығы бір-бірін айыптады
Алматыда оқушылардың газдан улануына ата-аналар мен мектеп басшылығы бір-бірін айыптады

Алматыда оқушылардың газдан улануына ата-аналар мен мектеп басшылығы бір-бірін айыптады

Ал оннан астам оқушының газдан улануына қатысты Алматыдағы оқиғаға ата-аналар мен мектеп директоры бір-бірін айыптады. Тал түсте 8-ші сынып оқушысы мектеп ішінде улы газ шашып, салдарынан түстен кейін оқитын төменгі сынып оқушылары уланып қалған. Ашулы ата-аналар бұл келеңсіз жайға мектеп басшысын кінәлады. Айтуларынша, ол бар жағдайды біле тұра оқуды жалғастыруға рұқсат берген. Директордың да өз уәжі бар.

Шулы оқиға №129-мектептің әжетханасынан басталды. Бірінші ауысымда оқитын 8-ші сынып оқушысы улы газды осында шашқан. Мүңкіген иіс осы маңнан арлы-бері өткен оқушылардың қолқасын қауып, естері ауып құлапты. Иіс тиген 13 оқушының 10-ы дереу ауруханаға жеткізілген. Барлығы төменгі ауысымда оқитындар. Бұған ашуланған ата-аналар мектептегілердің сабақты тоқтатпағанына наразы. 

-Біздің балаларымыз ол жерде болмауы керек еді. Оқушылар сол жерде құлап жатты. Мұны біле тұра сабақты неге тоқтатпаған?

Ал білім ошағының басшысы бұл сөздің бәрін жоққа шығарды. Оқиға болғаннан кейін-ақ, бірден сабақ тоқтатылып, тиісті орындар хабардар етіліпті. Тек, оқушылар сол маңнан ары-бері өткен сәтте иіс тиіп қалған дейді ол.

Қазір мектептегі жағдай қалыпқа келген. Мыңнан аса оқушы күнделікті сабағына қатысып жатыр. Ауруханаға түскендердің де хәлі оңалып, үйлеріне қайтарылып жатыр екен.

Нұржан Исабеков, Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының бас хирургы:

-10 науқастың қазіргі 1-ші ақпанға жағдайы: 9-ы үйіне шығарылуға дайындалып жатыр. Бір науқас реанимация бөлімінен жалпы бөлімге өткізіліп, қозба, аллергиясы бар. Сондықтан, бір науқас ауруханада қалады.

Дәл осындай жағдай Алматыда араға екі ай салып қайталанып отыр. Былтыр қарашаның соңында Алатау ауылындағы №7 мектепте 21 оқушы уланып қалған болатын. 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.