{metadescription}
Павлодарда интернет арқылы жұртты алдаған алаяқтар іздестіріліп жатыр
Павлодарда интернет арқылы жұртты алдаған алаяқтар іздестіріліп жатыр

Павлодарда интернет арқылы жұртты алдаған алаяқтар іздестіріліп жатыр

Павлодарда ғаламторда жалған дүкен ашып, жұртты тақырға отырғызған алаяқтар іздестіріліп жатыр. Сапалы тауарға арзан баға қойып, оның ақшасын алдын-ала сұрайтындар 13 адамды алдап соққан.   

Мына жазықсыз әйелдің атына ашылған виртуалды дүкенде алаяқтар жағалы киімдерден бастап, тұрмыстық техникаға дейін сатқан. Қымбат тауардың суретін көріп, арзан бағасына қызыққандардан олар ақшаны алдын-ала төлеп қоюды талап етіпті. Осылайша ақшасыз да, тауарсыз да қалған 13 адамның шағымы қазір тәртіп сақшыларында жатыр. Әзірге бір іс ашылмаған.  Виртуалды алаяқтар керекуліктерді жарты миллион теңгеге сан соқтырыпты. Мамандар, әдетте мұндай қылмыстың ізі шетелде жоғалады деп отыр. 

Асқар Шоман, Павлодар қалалық прокуратурасының бөлім бастығы:

-Ойланбастан белгісіз біреулерге ақша аударуға болмайды. Ғаламтордағы дүкеннен тауарға тапсырыс бергенде, алдымен оның келгенін күту керек. Тек қолыңызға тиген соң ғана ақшасын беру керек. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.