{metadescription}
Астанада ұшты-күйлі жоғалған шоуменді іздеуге еріктілер тобы қосылды
Астанада ұшты-күйлі жоғалған шоуменді іздеуге еріктілер тобы қосылды

Астанада ұшты-күйлі жоғалған шоуменді іздеуге еріктілер тобы қосылды

Астанада ұшты-күйлі жоғалған шоуменге іздеу жарияланды. Медицина университетінің 6 курс студенті Ерасыл Әубәкіров 3 күн бұрын үйінен шығып кетіп, содан қайтып оралмаған. Бұл жігіт шоумендіктен бұрын әншілігімен де танылған болатын.

Болашақ хирург сабақтан босаған кезде, корпоративтік кештерді жүргізіп ақша тапқан. Жастар арасында танымал шоумен, әнші, оқуда озат екен. 23 жастағы Ерасыл анатомия пәні бойынша өткен маңызды емтиханға келмегендіктен, оның достары алдымен интернет арқылы дабыл қағып, кейін полицияға шағым түсірген. Жоғалған студентті қаланың әр бұрышынан тәртіп сақшылары мен бірге еріктілер тобы да жабыла іздеуде. Ерасылдың суреттері көшелерге ілініп жатыр. 

Диас Жұмаділов; шоумен Ерасылдың досы

–Сүйген  қызына дейін хабарластық. Ешкім ештеңе білмейді. Барлық аурухана мен мәйітхананы түгел тексеріп шықтық. Нәтиже жоқ. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде