{metadescription}
«Бірлік» партиясы қазақтың сараң байларын сынады
«Бірлік» партиясы қазақтың сараң байларын сынады

«Бірлік» партиясы қазақтың сараң байларын сынады

«Бірлік» партиясы дағдарыс кезінде мемлекетін қолдауға  бір тиын шығарғысы келмейтін қазақтың сараң байларын сынады.   Мәжіліс сайлауына қатысқалы жатқан саяси күш отандық олигархтар зейнеткерлер, мүгедектер мен жоқ-жітік шаңырақтарға қаржылай көмектесуге міндетті деп отыр.

Яғни, әлжуаз әлеуметтік топты демеу үшін арнайы қор құрып, ауқаттылардан түскен қаржы тиісті шотқа аударылып отыруы тиіс. Осы жерде «Бірлік»  қазақ байларына ақшаға құнықпай, табысының тең жартысын қайырымдылықа жұмсайтын Американың миллиардерлерінен үлгі алуға кеңес берді. Алайда, «Forbes» журналынан түспейтін қалталы кәсіпкерлеріміздің зейнеткерлер, мүгедектер мен кедей-кепшікті қаншалықты жарылқай қояры белгісіз. Ал небәрі 57 мың мүшесі бар беймәлімдеу партия бүгін бағдарламасын жариялап, додаға 8 кандидатын қосты. Үлкен аламанға алғашқы рет түсіп отырған «Бірлік» Мәжіліске өтсе, негізінен әлеуметтік мәселелермен айналыспақ.

Серік Сұлтанғали, «Бірлік» партиясының төрағасы:

-Пиар үшін жұлдыздар дейсіз бе? Өзім жұлдызбын ғой. Неғыламын оларды. Басқа жұлдыздың керегі жоқ маған. Өзім өлең айтам, сурет саламын архитектормын.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде