{metadescription}
Теміртаудың әкімі жүргізушілердің боғауыз сөзін не үшін санады?
Теміртаудың әкімі жүргізушілердің боғауыз сөзін не үшін санады?

Теміртаудың әкімі жүргізушілердің боғауыз сөзін не үшін санады?

Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов жолдардың жағдайын жүргізушілердің қас-қабағына қарап біледі. Дәлірек айтсақ, көлік тізгіндегендерің боғауыз сөздерін санап, трассаның сапасы жайлы түсініпті.

Ғалым Әшімов, Теміртау қаласының әкімі:

-Бір аялдамадан екіншісіне дейін жүргізуші 15 рет боқтады. Оның артына отырып әдейі құлақ түрген едім. Содан жолдың нашар екеніне көзім анық жетті. Кейін сол көшелерді жөндеттік.

Халықтың алдында есеп берген әкім жолдардың жағдайын білу үшін әдейі автобусқа мініп, жүргізушісінің аузын аңдыған көрінеді. Өйтпесе, көшелердің шұрық-тесігін байқамайды екен. Іле-шала сол жолдарды жөндеп, халықтың марапатына бөленгенін де жасырмады. Өзін-өзі жиі мақтаған әкім жұрттың бұдан басқа да мәселелерін шешетін болды. Әсіресе, былтыр күзде жылу орталығынан ақау шығып, содан бері тұрғындардың көбі әлі жылуға жарымай отыр. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.