{metadescription}
Шымкентте көлігімен 4 адамды қағып өлтірген Танкеевтің туыстары марқұмдардың отбасының мазасын қашыруда
Шымкентте көлігімен 4 адамды қағып өлтірген Танкеевтің туыстары марқұмдардың отбасының мазасын қашыруда

Шымкентте көлігімен 4 адамды қағып өлтірген Танкеевтің туыстары марқұмдардың отбасының мазасын қашыруда

Шымкентте ішімдікке тойып алып, қымбат көлігімен 4 адамды ажал құштырған Мұрат Танкеевтің туыстары марқұмдардың отбасының мазасын қашыруда. Мұраттың анасы мен әпкесінің есіктерінің алдына кеп, әпкесінің тұрғанын жәбірленуші отбасы жазып алыпты.

Бірақ сендер де кінәлісіңдер! Білдің ба? Сендер кешірмесеңдер сендер де кінәлі боласыңдар Аллаһтың алдында! Менің сол айтқаным айтқан!  Менің балам ішпейді, бірақ тура сол күні неғып ішеді? Менің балам себепші боп отыр  білдің бе? Ішпейтін балам сол күні ішіп.

Мұрат Танкеевтің анасының айтуынша, ішімдікке мүлдем жоламайтын баласы сол күні тылсым күштердің араласуымен араққа ауыз салыпты.  Есіктің екі жағында тұрып айғайласқан тараптар тағы да келісе алмаған сыңайлы. Айта кетсек, Шымкенттегі беделді кәсіпкердің баласы былтыр  қараша айында мас күйінде Лексусімен жолдың қарсы бетінде келе жатқан Аудиді соққан. Салдарынан, неміс көлігінің ішіндегі бір әулеттің 4 адамы ажал құшты. Оның екеуі бүлдіршіндер. Жол апатынан соң бизнесмен әкесі мен полиция полковнигі шеніндегі ағасын айтып жазадан құтылам деген Мұрат Танкеев қазір сот алдында жауап беріп жатыр. Ал жәбірленген Дауылбаевтар әулеті Танкеевтер отбасынан әбден мезі болдық дейді. Егер мазалауын қоймаса сотқа бермекші.

Ғани Дауылбаев, жәбірленуші:

-Олардың баласы бірінші рет арақ ішкен сияқты, бұдан бұрын ішпеген деп. Бірінші рет арақ ішіп тұр. Сондай жағдайға ұрынып отыр, сондай-сондай сендер кінәлісіңдер, сендердің кінәләрің деп бізге жауып жатыр қазір.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде