{metadescription}
Алматыда «Оңай» үшін таяқ жеген автобус жүргізушісі мүгедек боп қалуы мүмкін
Алматыда «Оңай» үшін таяқ жеген автобус жүргізушісі мүгедек боп қалуы мүмкін

Алматыда «Оңай» үшін таяқ жеген автобус жүргізушісі мүгедек боп қалуы мүмкін

Жолаушылар соққыға жыққан автобус жүргізушісі өмір бойы мүгедек боп қалуы мүмкін. Алматыда 13-ші бағыттағы қоғамдық көлік жүргізушісін екі жігіт тапа-тал түсте, көлік тізгінінде отырған жерінде сабап кеткен. Бұған жәбірленушінің жолаушылардан «Оңай» аппараты арқылы төлем жасауды талап етуі себеп болыпты. Оңбай таяқ жеген 55 жастағы азаматты дәрігерлер ертеңгі операцияға дайындап жатыр. 

Алпысты алқымдаған автобус жүргізушісінің қазіргі күйі мынау. Екі көзі жұмулы күйде сұлқ жатыр. Кешелі бері есін әрең жиып, адамдармен енді ғана тілге келген. Осы жұмыста жүрген 20 жылында мұндай оқиғаға кезікпегенін айтады. «Оңай» қондырғысымен жолақы төлеуін сұраса, екі жігіт ерегісіп, тіпті ақша төлеуден бас тартыпты.

Қалдыбек Байтаманов, автобус жүргізушісі:

-Сонымен, төлеңдер деп едім, ерегесті менімен. Жібере салайын дегем, маған дөрекі сөйледі. Сонымен Горький парк жақтағы ақырғы аялдамаға дейін барды.. Содан барып, тұра бергенім сол екен рөлден, артымнан қолмен ұрды. Содан 3-4 рет ұрды, содан кейін қашып кетті екеуі.

Төбелес мына автобустың ішінде, Қазыбек би және Абдуллиндер көшелерінің қиылысында болған. Оқиға орнын сол маңдағы куәгерлер телефондарына түсіріп алыпты. Әуелде ет қызуымен соққылардың зардабы аса білінбепті. Бірақ, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілгеннен кейін жарақатының тым ауыр екені сезіле бастаған. Дәрігерлер де оның жағдайының қиын екенін айтып отыр.

Лариса Николайчук, Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі :

-Сол көзі түк көрмейді. Оң көзінің көруі нашарлаған. Бас сүйегі жарақаттанып, миы шайқалған. Көзінің айналасындағы сүйегінің, мұрнының да сынған жерлері бар. Ертең операция жасап, оң көзін мүмкіндігінше емдеп алуға тырысамыз. Ал сол жақ көзі сол күйі көрмей қалуы мүмкін.

Полицейлер бұған қатысты қылмыстық іс қозғап, басбұзар екеудің тұлғасын анықтап та қойыпты. Қазір іздеп жатыр. Ұсталса, екеуі де кем дегенде 5 жылға сотталуы мүмкін. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.