{metadescription}
Назарбаев зейнетақы қорындағы ақшаны жұмсауға рұқсат етті
Назарбаев зейнетақы қорындағы ақшаны жұмсауға рұқсат етті

Назарбаев зейнетақы қорындағы ақшаны жұмсауға рұқсат етті

Нұрсұлтан Назарбаев зейнетақы қорындағы ақшаны жұмсауға рұқсат етті. 1 триллион 450 миллиард теңге үй салу мен маңызды мемлекеттік шаруаларға бөлінетін болды. Бүгін Ақордада Министрлер кабинетін түгел жинаған президент экономикадағы ахуал мен теңге бағамының өзгеруін ескере отырып, осындай шешім қабылдағанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-2014 жылмен салыстырғанда,мұнайдың бір баррелі 115 болды.Жылдың аяғында төмендеді. Былтырғы жылдың қаңтар айында 60-қа жақын болды. Биыл қаңтар айында 30-дан кем болды. Соңғы 15 жылдың ішінде мұндай баға болған жоқ. Екі есе төмендеуіне байланысты,біздің экономикада сезбей қоймайды. Сондықтан тағы да жедел шара қолданып биылғы жылдың жағдайын ойлауымыз керек.

Зейнетақы қорындағы ақшаның 100 миллиарды «Бәйтерек » холдингі мен «ҚазАгроға» бөлінбек. Мол қаржы тиімді жұмсалса, экономиканың өсімін 1 пайызға көбейтпекші. Енді елімізде құрылыс қарқын алуы тиіс. Себебі Назарбаев баспана салуға 360 миллиард бөлуді тапсырды. Оның ішінде 53 миллиард арендалық үй салуға, 97 миллиард жеке құрылыс компанияларына аударылмақ. Бірақ қаржыны кейін қайтаруы керек. 22 млрд теңге салымшыларға несиеге берілуі тиіс. Миллиардттар сауатты жұмсалса, биыл 1 жарым миллион шаршы метр үй тұрғызылады. Сонымен қатар «Нұрлы жол» аясындағы жобаларға қосымша 76 миллиард жұмсалады. 28 миллиардқа жаңа 42 мектеп тұрғызып, құлағалы тұрған білім ордалары мен үш ауысымды оқу жүйесін алып тастау жоспарланып отыр. Бұдан басқа қаржы энергетика мен ауыл шаруашылығына да көптеп бөлінетін болды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Осы бағдарлама аясында әсіресе тұрғын үй жобасын кеңінен қолдану кеңінен тұрғызу қаралатын болады. Маңызды инфрақұрылымдық жобаларды қолымызға алған әрі қарай жалғасытурымыз қажет. Экономиканың негізгі салаларын және шағын және орта бизнесті қолдау жұмыстары әрі қарай қарқын беріледі. Қолдау көрсетіледі. Азаматтарға жұмыс беру мәселесі сол жерде шешілуі керек деп ойлаймын. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде