{metadescription}
Ұлттық банк төрағасы отбасылық құпиясын жасырмай жайып салды
Ұлттық банк төрағасы отбасылық құпиясын жасырмай жайып салды

Ұлттық банк төрағасы отбасылық құпиясын жасырмай жайып салды

Елімізде жақын күндері доллар бағамы бірден шарықтай қоймайды. Бүгін журналистермен тілдескен Ұлттық банк төрағасы осылай деп мәлімдеді. Алайда Данияр Ақышев алдағы күндері айырбас бағамының қандай болатынын нақты айта алмай отыр.

Есесіне отбасылық құпиясын жасырмай жайып салды. Бас банкирдің айтуынша үйдегі шығындарға жұбайы жауапты екен. Тек ірі сауда-саттықты әйеліміз екеуміз ақылдасып жасаймыз дейді. Деседе қазіргі табысы қаражат жинауға жетпейтін көрінеді. Себебі бар тапқан-таянғанымыз балалардың оқуына кетіп жатыр дейді Данияр Ақышев. Ең қызығы, бас банкир сұхбат берген күні доллардың қымбаттауы әдетке айналғандай. Соңғы күндері біраз әлсіреген АҚШ валютасы бүгін қайта көтеріліп шыға келді. Қазір айырбастау орындарында бір доллар 368-370 теңгеден саудаланып жатыр.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде