{metadescription}
Павлодарда 10-шы қабаттан секіріп өлмек  болған қыз бен жігіт тірі қалды
Павлодарда 10-шы қабаттан секіріп өлмек  болған қыз бен жігіт тірі қалды

Павлодарда 10-шы қабаттан секіріп өлмек болған қыз бен жігіт тірі қалды

Павлодарда қыз бен жігіт оныншы қабаттан секіріп кетті. Төмендегі дүкен шатырына құлаған олар қазір жансақтау бөлімінде жатыр. 27 және 21 жастағы ғашықтардың мұндай қадамға баруына араларындағы кикілжің себеп болуы мүмкін.

Тапа-тал түсте төменде орналасқан дүкеннің шатырына түскен олар құтқарушылар келгенде естерін біліп жатқан екен. Оларға өзін жігіттің қасақана итеріп жібергенін жеткізген бойжеткеннің бел омыртқасы сынған. Артынан оныншы қабаттан өзі де секірген жігіттің жамбас сүйегі сыныпты. Полицейлер тергеуді қос ғашық естерін жиғасын бір-ақ бастамақшы. Ал сонша биіктен секіріп аман қалғанына дәрігерлер таң қалып отыр.   

Ермек Күшіков, Павлодар қалалық №1 ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

-Мындай биіктіктен құлап олардың жолы болды, аман қалды. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Жастары ер бала 89 жылы туған, қыз бала 95 жылы туған. Жағдайлары қиын. Шок алған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде