{metadescription}
Ақмола облысында мүгедек зейнеткерден ақша алып қайтармаған шенеунік ұятқа қалды
Ақмола облысында мүгедек зейнеткерден ақша алып қайтармаған шенеунік ұятқа қалды

Ақмола облысында мүгедек зейнеткерден ақша алып қайтармаған шенеунік ұятқа қалды

Ақмола облыстық Мәслихатының аппарат жетекшісі емдік шөптен тігілген ішкиім сатып аламын деп ұятқа қалды. Әділхан Шаяхметов оны жергілікті зейнеткерден қарызға алып, ақысын әлі төлемей жүр екен. Аппарат жетекшісінен 400 мың теңгесін қайтара алмай ығыры шыққан қария ақыры шенеунік жиналыс өткізіп жатқан әкімдік ғимаратына келіп айқайға басты. Жарымжан қария мен ішкиімінің де ақшасын төлемейтін шенеуніктің уәждері Айзат Тұрғынбекқызы тыңдап келді.

Шенеуніктің қарызы жазылған қағаз сарғайып та кетіпті. Екі жылдан бері әкімдіктің табалдырығын тоздырған зейнеткерді мұндағылар жақсы таниды. Ал соңғы кездері күзетшілер Әлия әжейді Әділхан Шаяхметовтің кабинетіне кіргізбей де қойған. Дардай қызметі бар шенеунік екінші топтағы мүгедектен қарызға өзіне, туысқандарына емдік ішкиім сатып алған екен. Қымбат ыдыс-аяқтарды да алыпты. Тіпті қолхат та берді дейді зейнеткер. Бірақ сол күйі алажағын қайтара алмаған қария бүгін әкімдікте шу көтерді.

-Мені өліп қалады деп пе едіңіз?

Ал Мәслихат аппараты жетекшісінің мұндайды күтпегені анық. Алдағы сайлауға қатысты кеңес өткізіп жатқан Әділхан Шаяхметов жиынды сол жерден тоқтатып, кетіп қалды. 

-Болды, кейін айтамын.

Айғай-шуға себепші болған емдік шөптерден жасалған ішкиім мынау. Әлия әжейдің айтуынша, Мәслихат аппаратының жетекшісі бағасының қымбаттығына қарамастан бірнешеуін алған. «Белді қызметі бар азаматтың уәдесіне сеніп берген едім» дейді әжей. Шенеуніктің өзі ішкиімді қарызға алғанынын растағанымен, кейін толық құтылдым деп өзіне шаң жуытпады.

Әділхан Шаяхметов, Ақмола облыстық Мәслихатының аппарат жетекшісі:

-Болады ғой белье,пояс и так далее.Бізге пока алмаймыз дейміз, сумкасын тастап кетеді.

-Қанша қарыз болдыңыз?

-300 беее... полностью бердім.

Әлия Қалиева, Көкшетау қаласының тұрғыны:

-Сізге ол қарыз емеспін дейді ғой?

-Қарыз болмаса мен жүрер ме едім? Осы жасыма келгенде өтірік айтам ба? Мен өтірік айтқанша, газет сатып ақша табам. Мазақ қылғаннан жаман боп тұр ғой. Ол қарыз болмаса, мен жүрем бе осылай?

Зейнеткердің айтуынша, шенеунік қолхатта ай сайын 20 мыңнан беріп отырамын деп, кейін төлем жасауын қойыпты. Қарызын өтеуден жалтарған соң қария мемлекеттік қызмет істері агенттігіне де барған. Енді тек сотқа жүгінбекші.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.