{metadescription}
Қарағанды облысының әкімі  тасқынды көріпкелдерге жорытатын болды
Қарағанды облысының әкімі  тасқынды көріпкелдерге жорытатын болды

Қарағанды облысының әкімі тасқынды көріпкелдерге жорытатын болды

Қарағанды облысының басшылығы қызыл су жүретін көктемгі жағдайды көріпкелдерге жорытатын болды. Сөйтіп, апаттың қайдан және қашан келетінін біліп, сақадай сай отырамыз дейді облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков.  

Өйткені биыл сел жүретін болса, 40 мыңға жуық тұрғыны бар 160 ауылды басады екен. Төтенше жағдайдар департаментінің осындай есебін естіген облыс әкімі былтырғы қателіктерді қайталамауды қатты тапсырды. Қоймаларға жиналған су қазірдің өзінде далаға жіберіле бастаған. Алқымға тірелген жерлердің қары күреліп, ақұлпа ерісе ағатын арық, тоғандар да жанталаса жасалып жатыр. Бірақ, облыс әкіміне өңірді қызыл су қашан және қалай басатынын ешкім айта алмады. Сондықтан ол көріпкелдің көмегіне жүгінуді ұсынды.

Нұрмұхамбет Әбдібеков Қарағанды облысының әкімі:

-Көріпкелдер мен бақсы-балгерлерді шақыртыңдар. Ауа райын болжағыш біреуі бар еді ғой. Неге солардың көмегін пайдаланбасқа? Бұл да бір тәсіл. Жорып беріп ақыл кеңесін айтады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.