{metadescription}
Қостанайда 4 жасар баланың  өліміне кінәлі дәрігерлер түрмеден құтылды
Қостанайда 4 жасар баланың  өліміне кінәлі дәрігерлер түрмеден құтылды

Қостанайда 4 жасар баланың өліміне кінәлі дәрігерлер түрмеден құтылды

Ұлының өліміне дәрігерлерді айыптаған қостанайлық әйел сотта ақыры жеңіп шықты. Алайда, айыпты деп танылған дәрігерлерге ешқандай жаза тағайындалған жоқ.

Сот үкімі бойынша, айыпталған ақ халаттылар 2 жылға бас бостандығы шектеліп, 3 жылға медицина саласынан шеттетілген еді. Тек, оқиғаның осыдан бес жыл бұрын болғанын ескеріп, судья жазаның бәрін алып тастады. Айта кетейік, қостанайлық Зәуреш Дүйсембина баласының қазасына дәрігерлерді дұрыс диагноз қоймаған деп айыптаған болатын. Төрт жасар Арсенге олар туберкулез деген диагноз қойып, оны емдеу барысында бала гепатитке шалдыққан. Күшті дәрілер Арсеннің бауырын зақымдап, ақыры бала ауруханада көз жұмды.

Зәуреш Дүйсембина, Арсеннің анасы:

- Олар ешқандай жаза тартпағанымен, менің бес жылғы табандылығымның расталғанына көңілім толады. Баламды бәрібір қайтара алмаспын. Бірақ, өзге дәрігерлер үшін бұл сабақ болады деген сенімдемін.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.