{metadescription}
Ақмола облысында із-түссіз жоғалған кенші өлі табылды
Ақмола облысында із-түссіз жоғалған кенші өлі табылды

Ақмола облысында із-түссіз жоғалған кенші өлі табылды

Ақмола облысында осыдан екі апта бұрын із-түссіз жоғалған кенші өлі табылды. 39 жастағы Қазбек Нұралиннің мүрдесі Степногордағы Ақсу кенішінен 300 метр жерде қар астында жатқан.

Оны қала тұрғындары, әріптестері мен полиция аяғынан тік тұрып екі апта іздеді. Иісшіл итпен аула- ауланы кезіп, өндіріс қаласындағы кеніш біткенді тіміскілеп сабылған. Ақыры оның үсіген мәйітін Ақсу кенішінің іргесінен тауып отыр. Ол ақпанның 4-і күні өзі жұмыс істейтін кен орынынан жұмысшыларды қарсы алам деп кеткен екен. Әзірге үсіп өлді деген болжам бар. Десе де нақты себебі, сот сараптамасынан кейін айтылмақ. Ал марқұмның артында 2 баласы қалды. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.