{metadescription}
Теріскей жұртын көктайғақ әлі де әбігерге салып жатыр
Теріскей жұртын көктайғақ әлі де әбігерге салып жатыр

Теріскей жұртын көктайғақ әлі де әбігерге салып жатыр

Солтүстік өңірдің тұрғындары көктайғақтың азабын тартып отыр. Мұз құрсауында қалған Петропавл мен Қостанайдың мектептерінде сабақ тоқтатылып, қалалардан шығар барлық бағыттағы жолдар жабылды. Ал тайып жығылып, мертіккендер санында тіпті есеп жоқ.

Қызылжар тротуарларына түні бойы құм себілгенімен, оның пайдасы тиіп жатқаны шамалы. Балалардың қауіпсіздігін ойлаған Білім басқармасы бүгін мектептерде сабақты тоқтатты. Қалада ірілі-ұсақты жол апаттары жиілеген. Әуежайдағы ұшақ қонатын жолақ та мұз болып қатып қалғандықтан, кейбір рейстер кешігіп келді. Қостанайда да екі күн бойы жағдай дәл осындай. Абдыраған жұрт көктайғақта жүрудің әдісін тауыпты. Олар қыстық етіктің сыртынан шұлық киетін болған. Күлкіні келтірсе де, басқа амалдары жоқ. Ал аяқ- қолдарын сындырып, жарақат алғандар еселеп артыпты.

Марал Әбілқасымов, Қостанай қалалық ауруханасының дәрігері :

- 111 адам түсті, тайғанақтан жарақат алғандар. Оның алтауын травматология бөліміне жатқыздық. Алдағы күндері операция жасаймыз. Бұғанасы, қолдары аяқтары сынған. Қалған адамдарға көмек беріп, айнаға түсіріп , гипс салып, жібердік.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде