{metadescription}
Елімізде пойыз жолаушылары таза төсек жаймасынан қағылуы мүмкін
Елімізде пойыз жолаушылары таза төсек жаймасынан қағылуы мүмкін

Елімізде пойыз жолаушылары таза төсек жаймасынан қағылуы мүмкін

«Қазақстан темір жолы» компаниясы Алматыдағы 3 кір жуу комбинатымен келісім-шартты келесі аптадан бастап бұзбақ. Енді ондағылар бұл қызмет түрін қонақ үй меншігіндегі нысандарға ауыстырыпты. Ал комбинат басшылары бұған наразылық білдіруде. Өздерінің аяқ астынан тендер талабына сай келмей қалғанына таң қалған олар енді 250-ден астам адам жұмысынан айырылытаны болды деп отыр.

Кір төсек тысы мен орамалдардан көз ашпайтын Алматыдағы үш кір жуу комбинатының жұмысы алдағы дүйсенбіден бастап тұралап қалғалы тұр. Себебі, «Жолаушылар тасымалы» компаниясы пойыздарының кір-қоңын жуу үшін кезекті тендер жариялап, оның арты дауға ұласты.

Алматыға шойын жолмен жеткен әрбір вагон жолаушысы пайдаланған төсек тысы мен жабындысы дәл осы жерде жуылып қана қоймай, үтіктеліп, қайта қапталады. Күнделікті атқарылатын жұмыс көлемі 15 тоннаға жуықтайды екен. Бірақ 10 жылдан бері өз міндетін мінсіз атқарып келе жатқан комбинат аяқ астынан тендер талабына сай келмей қалыпты.

Бұрыннан бері істеп келе жатқан комбинаттар орнын қонақ үйлердің бірінде орналасқан кішігірім нысандар алмастырмақ.

Асқар Омар, кір жуу комбинатының директоры:

–«Жұмыс істей алмайды», «сәйкес келмейді» деп жұмыстан шығарып тастады. Беріп жатқандары бір-екі мекеме. Оны 100 процент айтамыз қолдарынан келмейді. Қонақүйдің астындағы 10-20 кв метрде қойған екі машинкамен осы проблеманы шешеміз деп отыр.

Қос компания бірдей баға ұсынса да жабдықталуы нашар бәсекелестерінің жарыста қалай жеңіске жеткенін бұлар түсіне алар емес. Енді осының кесірінен үш комбинаттағы 250-ден астам адам жұмыссыз қалмақ.

Гүлсара Байдосова, кір жуу комбинатының операторы:

Халықаралық  5 пойызды қабылдаймыз. Мәскеу, Екатеринбург, Қытай поыздары. Солардың төсек жабдықтарын үлгеріп беріп отырмыз. Осы жердегі 70-80 адам жұмыстан босап қалайын деп отыр.

Ал тапсырыс беруші тараптың айтуынша, тендер өткізу барысында заңға қайшы әрекет жасалмаған. Бұрыннан істеп келе жатқан комбинаттардан бірқатар кемшіліктер де анықталды дейді олар. 

Данияр Айқынбаев, «Жолаушылар тасымалы» АҚ сатып алу және жабдықтау жөніндегі атқарушы директоры :

– Оңтүстік филиалы бойынша бірде-бір компания жеңіске жеткен жоқ. Филиал «Экспресс» бойынша мүгдектер  ұйымы ұтысқа ие болды.

– Біз бұл шешімді қабылдағанда сенімге қарамаймыз, біз біріншіден заңға қараймыз. Заң бойынша сәйкес келеді ма, шешім қабылдаймыз. Терлеп кеттік қой!

Бұл «Қазақстан Теміржолына» қызмет көрсететін кір жуу комбинаттарына қатысты алғашқы дау емес. Осыдан екі жыл бұрын осы компания отандық кәсіпкерлердің орнын елімізде бірде-бір техникасы жоқ сингапурлық фирмамен алмастырмақ болған еді. Бірақ монополияға қарсы агенттік іске араласып, бұл шешімнің заңсыз екендігі дәлелденді. Бұл жолғы мәселе де тиісті орындардың тексерісінен соң шешімін табатын сыңайлы.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде