{metadescription}
Алматыда  атышулы «Оңай»  жүйесін өсектеген келіншек  істі болып жатыр
Алматыда  атышулы «Оңай»  жүйесін өсектеген келіншек  істі болып жатыр

Алматыда атышулы «Оңай» жүйесін өсектеген келіншек істі болып жатыр

«Оңайды» ғайбаттаймын деп басы бәлеге қалды. Алматыда төлем карточкалары туралы өсек таратқан әйел істі боп жатыр. «Жаңа жүйе ақшамды жымқырды» деп әлеуметтік желіні дүрліктірген 54 жастағы жолаушыны тергеушілер телефоны арқылы тауып алды.  

«Төлем карточкадағы теңгені терминал артығымен жеді» деген дақпырт смс-хабарламалар арқылы тарап кеткен. Онсыз да жаңа жүйені жатырқап жүрген жұрттың мұны естіген соң, күдігі тіпті өрши түсіпті. Десе де, тексеру нәтижесі бәрін де теріске шығарып берді. «Оңайға» жала жапқан егде жастағы әйел қазір тергеліп жатыр. Енді үлкен мөлшерде айыппұл салынуы мүмкін. Жалпы оңайлықпен енбей жатқан «Оңай» төлем жүйесі төңірегіндегі дау әлі де бітер емес. Әлеуметтік желіге осы төлем жүйесі үшін төбелесіп қалғандардың таспасы тағы түсті. Қос келіншек пен бақылаушының ұрысы неден басталғаны белгісіз. Таспаға тек дөрекілік танытқан жігіттің жолаушы телефонын жұлып алғаны анық түсіп қалған.         

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.