{metadescription}
Елге кең таралған «Сәби болғым келеді» әнінің авторы өмірден озды
Елге кең таралған «Сәби болғым келеді» әнінің авторы өмірден озды

Елге кең таралған «Сәби болғым келеді» әнінің авторы өмірден озды

«Әнге ғашық жүрек» бүгін соғуын тоқтатты. Елге кең таралған «Сәби болғым келеді» әнінің және басқа да көптеген шығармалардың авторы Тұрсынғазы Рахимов 65 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Қатерлі ісікке шалдыққан әнші-композитордың осыдан бір апта бұрын ғана өзі өмір бойы тұрған Семейде жеке есеп беру концерті өткен болатын. 

-Сәби болғым келеді-ау, сәби болғым.

-Сәбиі жоқ ананың құшағында.

Тарбағатайдан түлеген азамат Алаш жұртына алғаш Мұқағали Мақатаевтың өлеңіне жазылған осы «Сәби болғым келеді» әнімен танылды. Бүгінгілер онша білмегенімен, ол бұрынғылардың нағыз сүйікті сазгері. Жалпы, композитор Мақатаевтың 15-тен астам туындысына әуен шығарған. Ал соңында жүзге тарта шығармашылық мұрасы қалды.

Құсмилә Нұрқасым, өнертанушы:

-70-ші жылдардың ортасында, мазмұны социалистік деп аталатын мәдинетіміздің тоқырауға ұшыраған кезі еді. Міне, осындай уақытта сонау Тарбағатай тауынан мұнартып ұшқан бір мұңға толы Тарбағатай, сырға толы Тарбағатай, сол жерден шаншылған ән шықты. Бұл «Сәби болғым келеді» деген ән болатын.

Аты дардай әні болса да, қарапайым тіршілік кешіп жүрген өнер майталманы Семейде осыдан бір апта бұрын ғана жеке шығармашылық концертін өткізген болатын. «Қазағым-ай» деген атпен өткізілген кешке замандастары, шәкірттері жиналған. Олар мұны хас талант иесінің тыңдармандарымен соңғы дидарласуы екенін, әрине, білмеді.

Дәмеш Омарова, ақын, Т. Рахимовтың досы:

-Өмір бойы бірге жүрген жан досым еді. Тұрсынғазының жүрегі баладай аңғал көңілді, ақ жүрек еді. Оның әрбір сөйлеген сөзіде, істеген ісі де, күлдіргі көңілді болатын.

Қатерлі ісік дарын иесін 4 айда арамыздан алып кетті. Тұрсынғазы Рахимовты Семей жұртшылығы ақтық сапарға алдағы жексенбіде шығарып салады. Әнші-композитордың артында жары мен екі ұлы және немерелері қалды.

-Асыр сап ортасында ойнап жүрем

Сірә мен бақыттымын дұшпаным жоқ.

Үйден шықсам, сауық пенен сайран көрем. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде