{metadescription}
Жамбыл облысында сәбиін әжетханаға туып тастап кеткен әйелдің ақыл-есі дұрыс деп танылды
Жамбыл облысында сәбиін әжетханаға туып тастап кеткен әйелдің ақыл-есі дұрыс деп танылды

Жамбыл облысында сәбиін әжетханаға туып тастап кеткен әйелдің ақыл-есі дұрыс деп танылды

Демек, қатыгез келіншек заң аясында тиісті жазасын алуы керек. Қазір кепіл ақымен босатылған 21 жастағы әйел өз үйінде.

Оның психикалық ауытқушылығы жоқ делінгенімен, тергеушілер тағы сот-медициналық және биологиялық сараптаманың қорытындысын күтуде. Естеріңізге салсақ, биыл 3-ші қаңтарда күре жолдың бойындағы әжетханадан жаңа туған бала табылған еді. Артынша көкек ана ұсталды. Сондай-ақ, осы өңірде жаңа туылған жиенін көлік терезесінен лақтырып жіберген адамның да ақыл-есінің дұрыстығы Алматыда тексерілмек. 53 жастағы әйел бір ай бойы өңірдегі жүйке аурулары диспансеріне қаралған. Сот-психиатриялық сараптамасы Бақыткүл Байсеңгерееваның бойынан күйзеліс пен кей ауытқушылықтарды анықтапты. Оған нақты көз жеткізу үшін арнайы орталыққа жіберу керек деген шешім шығарылған.

Болат  Мұстафаев, Жамбыл облыстық прокуратурасының екінші басқарма прокуроры:

-Байсеңгерееваның психикалық жай-күйі анықтамағандықтан қылмыстық іс әлі сотқа жолданған жоқ. Егер оның ақыл есінің кемістігі бары расталса, қылмыстық жауапқа тартылмайды. Дегенмен сот шешімен мәжбүрлеп емделуге жіберіледі.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.