{metadescription}
Қазақ байларының жағдайы кете бастады
Қазақ байларының жағдайы кете бастады

Қазақ байларының жағдайы кете бастады

Қазақстандық миллиардерлердің жағдайы кете бастады. Әлемнің бай адамдарының санатына кірген бес отандасымыз былтырдан бері бір жарым миллиард доллар жоғалтыпты.

Болат Өтемұратов бір жылда 300 миллион долларынан айрылып, әлемдік байлар тізімінде 714-ші орыннан 771-ші орынға бір-ақ сырғыған. Теннис федерациясының төрағасында қазір 2 млрд 300 млн доллар бар. Тимур мен Динара Құлыбаевтар да 100 миллионнан жоғалтқан. Қазір әрқайсысының байлығы 2 миллиард долларға бағаланады. ERG компаниясы иелеренің бірі Әлижан Ибрагимов те былтырдан бері 700 миллион долларға шығынданып, 847-ден 1198-ші орынға дейін түсіп кетіпті. Қазіргі қаражаты бір жарым миллиард долларды құрайды. Қалталы қазақстандықтардың бесіншісі – Владимир Кимнің қаржысы да Әлижан Ибрагимовпен бір деңгейде. Оның ақшасы да 300 миллион долларға кеміген. Ал әлемнің ең ауқатты адамы деп биыл – Бил Гейтс талыды. Майкрасофт компаниясының иесінде 75 миллиард доллар бар. Ол бір жылда 4 миллиардынан айырылса да, байлығы жөнінен бірінші орында тұр.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде