{metadescription}
Биылғы түлектер ағылшын тілінен тест тапсыруы мүмкін
Биылғы түлектер ағылшын тілінен тест тапсыруы мүмкін

Биылғы түлектер ағылшын тілінен тест тапсыруы мүмкін

Ұлттық бірыңғай тестке жаңа пән қосылады. Мектеп түлектері жоғары оқу орнына түсу үшін енді ағылшын тілінен де міндетті түрде емтихан тапсыруы мүмкін. Жаңа министр басынан дау арылмаған сынақты қайта реформалауға кіріскендей.

Тахир Балықбаев, Білім және ғылым вице-министрі:

-Ресей 2021 жылдан бастап мектептерге ағылшын тілін енгізеді. Көршілеріміздің тәжірибесіне қарап, біз де ҰБТ-ға ағылшын тілін міндетті пән ретінде қосуымыз мүмкін. Жалпы, ұлттық тестілеу түбегейлі өзгереді. Қай форматқа ауысатынын кейін арнайы хабарлаймыз.

Яғни, жаңа талап бойынша мектеп бітіруші университетке түсу үшін «Қазақстан тарихы», «Математика», «Қазақ тілі» немесе «Орыс тілінен», мамандығына бойныша таңдаған төртінші пән және ағылшын тілінен тест тапсырады. Ал, елімізде үштілдік оқу жүйесінің 2020 жылға дейінгі жол картасы қабылданған. Қазір сол бағдарламаға сай 117 мектепте балалар қазақ, орыс, ағылшын тілін бірдей тереңдетіп үйренуде. Сондай-ақ, 2018 жылдан бастап барлық мектептердегі 6-шы сынып оқушылары «Қазақстан тарихын» қазақ тілінде, «Әлем тарихын» орыс тілінде оқи бастайды. 2019 жылдан жоғары сыныптарда «Информатика», «Химия», «Биология», «Физика» пәнінің сабақтары ағылшын тілінде өтпек.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде