{metadescription}
Семейді қоқыстан тазартамыз деп уәде еткен депутаттар  жұртты алдап соқты
Семейді қоқыстан тазартамыз деп уәде еткен депутаттар  жұртты алдап соқты

Семейді қоқыстан тазартамыз деп уәде еткен депутаттар жұртты алдап соқты

Семейдің шетінде орналасқан бүтіндей бір кентің тұрғындары қоқыстан арыла алмай жүр. Жұрт талай табалдырықты тоздырып, арызданғанымен, коммуналдық қызмет тау болып үйіліп жатқан тұрмыстық қалдықтарды тазартуға асығар емес. Тек айналасын полиция күзетіп, қоқыс төккізбеуге тырысқанымен оның пайдасы тимей тұр.

Мұндағы қоқысты облыстық мәслихатқа сайланғанғысы келген талай депутат тазартамыз деп ант-су ішкен. Тіпті, кейбіреуі көз бояушылық жасап, екі-үш күн білек сыбанып қоқыс жинаған сыңай танытыпты. Алайда, сайланып алған соң қалдық үйілген алаңға ат басын тіреген ешкім жоқ.  

Нұрсұлу Мұхамедиярова, Семей қаласының тұрғыны:

-Енді бізге 3 млн ақша бөлінді деді депутаттар. Мына, Жоламан мен Кирпичный ауылын  тазалау үшін. Сөйтіп 4-ші Кирпичныйдан бастады көп-көрім. Ал, біздікін тазалауға  ақша жетпей қалды деді.

-Тау болып үйіліп жатқан қоқырдан шықққын қолаңса иіс қолқаны қапқаны өз алдына. Бүгінде төңірегіне қаңғыбас ит-мысықпен қатар егеуқұйрықтылар жортып кеткен. Олардан жұқпалы дерт тарағандықтан балаларымыз екі күннің бірінде аурухана табалдырығын тоздыратын болды дейді жұрт.

Биіктігі шашамен 3 метр болатын қоқыс көшенің қақ ортасындағы мұнара істептес. Мұның бұлайша жайылып кеткеніне тұрғындар өздерінің де кінәсі барын жасырмайды.

Ботагөз Әбдианова,Семей қаласының тұрғыны:

-Міне, мына жақтағы көршілер түнде келіп тастайды. Ал, күндіз біз қарап жүреміз. Мына жақтан ана кісі, мына жақтан мен күзетемін. Бәрі-бір тыңдамайды.

Бүгінде бұл аймақты полиция қызметкерлері қатаң бақылауға алған. Жыл басынан бері үйіндегі қалдықты осында әкеп 35 адамның әрбіреуіне 40 мың теңге айыппұл да салыпты. Мұнда тек коммуналшалар ат ізін салмайтын болған. Тұрғындар енді қоқыс түгел шығарылып, орнына арнайы жәшіктер қойылғанын сұрап отыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.