{metadescription}
Батыс Қазақстанда көктайғақтан жүздеген көлік айдалада қалды
Батыс Қазақстанда көктайғақтан жүздеген көлік айдалада қалды

Батыс Қазақстанда көктайғақтан жүздеген көлік айдалада қалды

Батыс Қазақстан облысындағы жолдар көктайғақ болып жатыр. Қақаған аязда 40-қа тарта ауыр жүк көлігі жол бойында қалған. Бұған аязды күні жауған жауын себеп болып отыр. Салдарынан, жердің бетіне мұз қатыпты. Бұған қоса, өңірдегі жел де күшейіп тұр. Тіпті, көліктер жол жиегіне шығып кетіп жатыр. Ал, жүргізушілер екі күннен бері көмек күтіп, айдалада қалған.

Аязды күні жауған жауынның кесірінен жолдар құдды бір мұз айдынына айналғандай. Себебі, мұнда машина түгілі жаяу адамның өзі әрең жүреді. Қолайсыз ауа-райының кесірінен ауыр жүк көлігінің жүргізушілері айдалада қалған. Олар мұнда таңнан бері көмек күтіп жүр. Бірақ, келіп жеткен коммуналдық мекеме қызметкерлерінің өзі жарытып көмек бермей кетіпті.

Николай Лазовой, көлік жүргізушісі:

- Келген құм себушілер бізге жеткен кезде, кейін бұрылып қайтып кетті. Ең болмаса, доңғалақтардың астына шашуын сұрап едік, бұл өтінішімізді де орындамады.

Оралдан 80 шақырым қашықтықтағы Ақтөбеге баратын жолда қалған 40 жүргізушінің де жағдайы осындай. Олар да ауа-райының кесірінен ешқайда қозғала алмай отыр. Көмек күтіп тағаты таусылған жүргізушілердің күре жолда түнегеніне міне екінші күн.

Қатты желден көліктер жаппай жол жиегіне шығып кетіп жатыр. Ішер асы мен соляркасы таусылғандарға жәрдем беруші жақын маңдағы ауыл тұрғындары ғана. Тек бүгін араға 2 тәулік салып мұнда тәртіп сақшылары жетті. Бірақ, олардың да қолдарынан ештеңе келмеген.

Ақтілек Исламғалиев, Сырым аудандық ішкі істер бөлімінің аға инспекторы:

 - Жол автокөліктері мен жолаушы тасымалдайтын автокөліктерге тыйым салдық. Қазіргі уақытта алдын-алу жұмыстары жүріп жатыр. Жеңіл автокөліктерге ашық.

Ал, кешке көк тайғаққа айналған күре жолдарды тазартуға арнайы техника бөлінгені белгілі болды. Осылайша, далада түнеген жүргізушілер аман-есен қозғалыстарын жалғастырды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.