{metadescription}
Маңғыстаудағы жаңбырдың суы басқан Мұнайлы ауданында төтенше жағдай жариялануы мүмкін
Маңғыстаудағы жаңбырдың суы басқан Мұнайлы ауданында төтенше жағдай жариялануы мүмкін

Маңғыстаудағы жаңбырдың суы басқан Мұнайлы ауданында төтенше жағдай жариялануы мүмкін

Қазір бұл мәселені облыстық әкімдік жанынан құрылған комиссия қарастыруда. Өйткені жергілікті биліктің қызыл су шайып кеткен үйлерді тазартуға қауқары жетпей жатыр. Сондықтан Ақтау қаласынан төтенше жағдай мамандары көмекке келген. Алайда ол техника да істен шығып, аудан әкімі қосымша күш қажет деп енді дабыл қаға бастады.

Көшедегі қызыл суды соруға Мұнайлы әкімдігі бөлген 11 техника 140 мың халқы бар аудан үшін теңізге тамған тамшыдай ғана. Сондықтан үйлердің ішіне дейін кіріп кеткен су әлі көлкіп жатыр.

-Үш күннен бері тоқтаусыз жұмыс істеп тұрған су сору қондырғысы бүгін істен шықты. Мамандар қазір оны тез арада қалпына келтіруге тырысып жатыр. Әйтпесе мына көл болған көшенің таяу арада құрғамайтын түрі бар.

Тұрғындар қазір судың үстінен кірпіштен жол салып күнелтуде. Ал қызыл судан үйлердің іргетасы шөгіп, қабырғалары қақырай бастаған.

Күнсұлу Алдамжарова, Атамекен ауылының тұрғыны:

-Су мына тізеге келеді. Су жердің астынан шығып жатыр. Дренаж қосылса, су тартылады. Дренаж қосылмай тұр мұнда.

Жергілікті биліктің табиғат апатының салдарын жоюға қауқары болмаған соң бүгін облыс орталығынан төтенше жағдай мамандары көмекке келді. Олар өздерінің бес, кәсіпорындардың алты техникасын іске қосқан.

Манарбек Мұхамбетов, Маңғыстау облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

-Егер де тағы да 1-2 күн жауын жауса, тағы да осындай жағдай болады. Бірақ оған дейін қай жерден қандай техника алатыны уже белгілі. Жаңбыр жауғаннан бастап техникаларды орнатамыз.

Әр жауын сайын баспаналарды су басып қалмас үшін көшелерге арық қазу керек дейді аудан әкімі. Ескі арықтарды тұрғындардың өздері үй салғанда көміп тастаған көрінеді. Бұл жұмыстарды жеделдету үшін шенеунік ауданда төтенше жағдай жариялауды сұрап отыр.

Нұрлан Тәжібаев, Мұнайлы ауданының әкімі:

-Облыс әкімдігі жанында төтенше жағдай қазір қарастырылып жатыр. Қаражаттың есебінен жұмыстарымыздың есебін шығарып жатырмыз. Қандай жұмыстар жүргіземіз. Бірінші кезекте труба алу мәселесі, уақытша дренаж жүйесін орнатуды қарастырып, канал арқылы суды бұру.

Қазір Мұнайлы ауданында оншақты ауыл қызыл сумен арпалысуда. Тек Атамекен ауылында 50-ге тарта баспана балшық суға батып, иелері тұрағын тастай қашқан. Енді олар шаңырағына таяу уақытта орала алмайтын секілді. Себебі, синоптиктер алдағы сенбіден бастап бір апта бойы жауын толассыз жауады деп болжап отыр. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде