{metadescription}
Ақтөбе облысында көктайғақтың кесірінен бір адам көз жұмды
Ақтөбе облысында көктайғақтың кесірінен бір адам көз жұмды

Ақтөбе облысында көктайғақтың кесірінен бір адам көз жұмды

Ақтөбе облысында бұрын-соңды болмаған көктайғақтың кесірінен бір адам қаза тауып, 250 тұрғын жарақат алды. Дәрігерлер тіпті ауруханаға науқастарды сыйдыра алмай жатыр. Сондықтан алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң көбін үйлеріне қайтаруға мәжбүр. Табиғаттың тосын мінезінен зардап шегіп жатқан өңірде, қауіп табан астындағы ғана емес, қазір ғимарат төбесіндегі мұздан да төніп тұр.

-Ақтөбеде бір апта бойы толассыз жауған жаңбыр мен үскірік аяздың беті енді қайтып, бүгін ғана күн шықты. Көк мұздың аздап жібігеніне жергілікті жұрт шүкіршілік етіп жүр. Әйтсе де, еліміздің батыс өңірінде осы күні  тойланатын «Көрісу» мерекесін атап өтуді ақтөбеліктер кейінге қалдырды. Көше бойына киіз үй тігіп, қазан көтермек болған облыстық мәдениет басқармасындағылар көк тайғақтан қорыққандарын айтады.

Өйткені облыстық ауруханада науқастардан ине шаншар орын жоқ. Соңғы үш күнде екі жүз елуге жуық адам осында көмек сұрай келген. Дәрігерлер қол-аяғы сынғандарға гипс салып үйлеріне қайтарса, тек бастары жарылып, ауыр жарақат алғандарын қалдырыпты. Науқастар көп болғандықтан қосымша бір бөлімше ашуға тура келген.

Рақымжан Арыстанов, Ақтөбе облыстық жедел медициналық көмек ауруханасының бас дәрігері:

-Ешкім қараусыз қалған жоқ. Бүкіл бөлімдегі  травмотолог, нейрохирургтерді төменге түсірдік. Жарақат бөлімінен қосымша пост ашып,  қызмет жасадық.

Көк мұзға жығылып тіпті 56 жастағы мұғалім көз жұмған. Жарық ауылының тұрғыны мектепке барар жолда құлап, басын жарыпты. Дәл осындай диагнозбен ауруханада қазір 14 адам жатыр. Науқастардың көбін жедел жәрдем көшеде құлаған жерлерінен әкелген.

Сәкен Тоқтыбаев, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
-Үйге келе жатып құлап қалдым. Екі рет құладым. Бір құладым. Тұра алмадым. Енді жан керек қой  ұялы телефоннан хабар бердім. Тұра алмай жаттым сонда екі сағат
.  

Тайғақтан тәлтіректеп қалған ақтөбеліктер төбедегі мұздан да сақтануға мәжбүр. Өйткені ағаштар мен ғимарат төбесіне қатқан мұздар еріп түсіп жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде