{metadescription}
Ақтөбеде ақсақалдың батасын алудан қашатын жастар көбейген
Ақтөбеде ақсақалдың батасын алудан қашатын жастар көбейген

Ақтөбеде ақсақалдың батасын алудан қашатын жастар көбейген

Мұны имамдар теріс діни ағымдардың ықпалы деп отыр. Дін мен дәстүрді бөле қараушылар тілек айтып, бет сипауды шариғатқа қайшы деп түсінеді. Сондықтан мешіт өкілдері мекере қарсаңында батагөйлер байқауын ұйымдастырып, ұлттық құныдылықтарды уағыздады. Қарттардың батасын алып келген тілшіміз Жаңалық Ахаш баяндасын.

-Жаманшылық болмасын.

Сертінде сөзінде тұратын

Сенімді болсын жолдасың

Жолыңды кесе беретін

Қастарың сенің болмасын

Ақтөбе имамдары ас қайырмай жатып өре түргелетін жастардың қылығына өкпелі. Өйткені көбісінде бата алу дінге қарсы деген ұғым қалыптасқан. Әсіресе, теріс ағымдағылар ұлттық дәстүрге қарсы уағызды үдетіп бара жатыр екен. Ал молдалар бата алудың еш сөкеттігі жоқ, керісінше парыз екенін айтады.

Нұрлан Байжігітұлы, имам:

-Қазір жиі естисіздер бата деген бұл қарсы нәрсе шариғатта жоқ, бидағат деген сынды сөздер айтылып жатады. Сондықтан бұның шариғатқа еш қатысы жоқ. Мүмкін, шариғаттың ішіндегі үлкен қадірлі, аса қасиетті біздің қазақ құндылықты дүниелерінің бірі екенін алға тартуға болады.

Ақтөбелік мешіт имамдары батаның қадірін арттыру үшін ақсақалдар арасында байқау жариялады. Бірақ батагөй қарттардың азайып бара жатқаны қынжылтады. Өйткені көбінің құр тілек айтып, бет сипай салатыны жасырын емес.

Қабдеш Қуандық, Ақтөбе қаласының тұрғыны: 

-Бата білу парыз. Бұл үлкен адамдардан жастардың бата тілеуі орынды. Көпшілік жерлерде, жиын-тойларда, садақаларда бата бер деп білікті, үлкен ақсақалдардан тілейді. Сондай жерлерде өзінің орнымен берген батаның үлкен мәні зор.  

Сайыс емес байқау болғандықтан, қатысушылардың барлығына шағын сыйлықтар үлестірілді. Ал келесі жылғы осындай шараға батаның кем дегенде жиырма түрін білетін ақсақалдар ғана қатыстырылмақ. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде