Павлодарда аулада отырған қаңғыбасты соққыға жыққан бұзақы іздестірілуде. 50 жастағы азаматты әлдекімнің жұдырықтап жатқаны бақылау камерасына түсіп қалған. Кейін ғаламторда жарияланған бұл кадрлар көпшіліктің наразылығын тудырды. Тек осыдан кейін ғана полицейлер қаңғыбасты ұрып кеткен адамды...
Павлодарда әкесіндей адамды аяусыз соққыға жыққан бұзақы іздестірілуде
Павлодарда әкесіндей адамды аяусыз соққыға жыққан бұзақы іздестірілуде

Павлодарда әкесіндей адамды аяусыз соққыға жыққан бұзақы іздестірілуде

Павлодарда аулада отырған қаңғыбасты соққыға жыққан бұзақы іздестірілуде. 50 жастағы азаматты әлдекімнің жұдырықтап жатқаны бақылау камерасына түсіп қалған. Кейін ғаламторда жарияланған бұл кадрлар көпшіліктің наразылығын тудырды. Тек осыдан кейін ғана полицейлер қаңғыбасты ұрып кеткен адамды жер-көктен іздеп жатыр. 

Жазықсыз адамды ұрған бұзақының әрекеті бақылау камерасына түсіп қалған. Ол аулада отырған кісіге бірнеше рет жұдырық жұмсап, ақыры жерге құлатқаны мына кадрларда анық көрінеді. Мұны қаңғыбасқа қамқор боп жүрген сол үйдің тұрғындары көріп, қаскөйдің жазалануын талап етуде.

Әлия Ыбыраева, Павлодар қаласының тұрғыны:

-Ой масқара! Бұл жігіттерді тапсын, жазаласын!

Игорь Пестрецов, Павлодар қаласының тұрғыны:

–Володя біздің аулада бұрыннан бері тұрады. Тұрғындар оған қолынан келгенше көмектеседі. Осы жерде картон қағаз жинап, күнін көріп жүр. Оны жәбірлеуге ешкімнің хақысы жоқ.

Бұл жағдай әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түскен соң жергілікті полицейлер іске араласты. Қаңғыбастан түсініктеме алған олар күдіктіні іздеуге кіріскен. Тәртіп сақшыларына өзін ұрып-соққан адамның еуропалық нәсілді, бойшаң, арықша келген жігіт деп сипаттады.

Баян Мағзұмова, Павлодар облысы ІІД баспасөз хатшысы:

-Оның айтуынша, үш жас жігіт жанынан өтіп бара жатқан, сол кезде біреуі бөлініп кетіп, жанына келіп оны ұрып-соққан еш нәрсе айтпастан.

Күдікті қолға түскен жағдайда жазасыз қалмайды деп отыр полицейлер. Қаңғыбасты ұрған бұзақы бұл қылығы үшін миллиондап айыппұл төлейді немесе екі жылға бас бостандығынан айырылады. Ал оңбай таяқ жеген мұқтаж жанның өзі қатты қорқып қалса керек, бүгін ауладан табылмады.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...