{metadescription}
Астанада құлағалы тұрған жатақхана тұрғындарына жаңа баспана берілмек
Астанада құлағалы тұрған жатақхана тұрғындарына жаңа баспана берілмек

Астанада құлағалы тұрған жатақхана тұрғындарына жаңа баспана берілмек

Астанада үйіндінің астында тірідей көміліп қаламыз ба деп қорыққан жұртқа жаңа баспана берілетін болды. Екі күн бұрын арнамыз көрсеткен жұрттың жанайқайы әкімдікке әйтеуір жетіпті. Бүгін әбден тозығы жетіп, құлағалы тұрған сол үйдің тұрғындарымен жолыққан шенеуніктер келесі жылы жаңа пәтермен жарылқаймыз деп сендірді. Жалпы, Елордада осы сияқты «апатты» деп танылған 200-ден астам тұрғын үй бар екен. Олар да келесі жылы түгел  сүрілмек.

Ұзақ жылдан бері  апатты  үйде үреймен өмір сүріп келген жұрттың жанайқайы ақыры әкімдікке жетті. Екі күн бұрын Елорданың қақ ортасындағы қос жатақхананың тұрғындары үйлерінің құлағалы тұрғанын айтып шулаған. Енді бүгін атқамінерлер қирап жатқан үйді өз көздерімен көріп, тұрғындарды қуантып қойды.

Әлихан Қуатбеков, Астана қалалық Тұрғын үй басқармасының басшысы:

-Тексеру жүргізілді. Апатты жағдай анықталды. Соған сәйкес, бұл үйдің бұзылу кестесі 2017 жылға түсіп тұр.

Яғни, қос жатақхана келесі жылы сүріліп, жұрт басқа үйге көшіріледі. Ал, Астанада құлағалы тұрған тек бұл үйлер емес. Осы сияқты 200-ден астам баспана келесі жылы қиратылып, 3 мыңнан астам отбасы жаңа пәтерге көшіріледі деп сендірді отыр шенеуніктер. Биылдың өзінде соның біразына жаңа баспана бұйырады екен.

Төлепберген Қойшыбаев, құрылыс компаниясы директорының орынбасары:

-Осы апатты үйлерге арналып салынып жатқан үйлердің саны  1200 пәтер биылдыққа. Жалпы көлемі 70 мың шаршы метр осы 2016 жылға жоспарланып отыр.

Ал, жатақханадан жаңа пәтерге көшетіндердің жолы болайын деп тұр. Яғни, олар шаршы метрі екі есе көп баспана алады. Өйткені, қазір ауқымы жатақханадағы секілді пәтерлер салынбайды екен.

Осылайша, жаңа баспананы аңсаған жұрттың арманы орындалатын болды. Тек, ол үшін тұрғындарға апатты үйде тағы бір жыл үреймен өмір сүруге тура келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде