{metadescription}
Алматы облысында үйлерін заңдастыра алмай жүрген бүтін бір ауыл жұрты наразылыққа шықты
Алматы облысында үйлерін заңдастыра алмай жүрген бүтін бір ауыл жұрты наразылыққа шықты

Алматы облысында үйлерін заңдастыра алмай жүрген бүтін бір ауыл жұрты наразылыққа шықты

Санда бар, санатта жоқ! Алматы іргесінде бүтіндей бір ауыл тұрғындары үйлерін заңдастыра алмай жүр. Елді-мекенның жартысы былтыр қала құрамына беріліпті. Қалғаны сол күйі не анда емес, не мында емес қалған. Соның кесірінен жергілікті әкімдіктен анықтама алу былай тұрсын, ауылға жедел жәрдемнің өзін шақыру мұң. Есепте тұрса да елеусіз жатқан ауылдықтардың жанайқайын Ербол Тұрымбет тыңдап келді.

Ақ жауынға қарамастан қаумалап тұрған бұл кісілердің мұңы бір. 20 жыл тұрып жатқан жерлері былтырдан бері әкімдіктің базасынан жойылған. Өйткені, бұрын «Первомай» аталған ауылдың бір бөлігі Алматы қаласына, ал мына тұрғындар КазЦИК ауылына қосылған. Әкімшілік бөлініс өзгерген соң құжат атаулыны түгел қайта жасау керек. Ал сол мәселенің шешімі қиын болып тұр.

Лунара Әмірғазина, КазЦИК ауылының тұрғыны:

- Мына «Первомайкада» жүргенде құжатымыз дұрыс болған. Қалай мына КазЦИК-ке көшірді, құжатымыздың бәрі былық болып, ешқандай құжат ала алмай отырмыз. Не анықтама ала алмаймыз, не үйдің нөмірі жоқ, не пәтердің нөмірі жоқ, не көше жоқ бізде.

Заңды құжаттың жоқтығынан тіркеуге тұру да қиынның қиыны. Осында 23 жылдан бері тұрып жатқан Ләтипа Бидайбаева келінін үйіне тіркетейін деп барса, өз көзіне өзі сенбепті. Әкімдіктің базасында жері бар да үйі жоқ, айдалада тұрып жатқан біреу болып шыға келген.

Ләтипа Бидайбаева, КазЦИК ауылының тұрғыны:

- Былтыр қазан айында немеремді тіркетіп алғанмын. Үй нөмірі, жерімнің құжаты да дұрыс болатын. Ал қаңтарда келінімді алдырайын десем, менің мекенжайым тек жер телімі ретінде ғана тұр. Тіркетпек түгіл, үйім есепте жоқ.

Ал әкімдіктегілер әдеттегідей «бәрін жасап жатырмыз» деген жаттанды сөзден аса алмады. Айтуларынша, тұрғындардың көбінің үй құжаты жоқ. Сондықтан, картасы жасалмайынша, үйлерін заңдастыру мүмкін емес.

Саят Бірімжанов, КазЦИК ауылы әкімдігінің бас маманы:

- Қазіргі таңда біздің сәулетшілермен жалпы топосъемка жасалып жатыр, жер телімі жоспары жасалып жатыр. Жер телімі жоспарын бекіткеннен кейін, әрбір үйге тағы жеке топосъемка жасалады. Топосъемка тіркелгеннен кейін әр адам өзіне мемлекеттік акт жасайды.

Төңіректің топографиялық картасын жыл соңына дейін сызып бітпесе, мұндағы 150-ге тарта шаңырақ мүлікті тегін заңдастыру науқанына үлгермей қалайын деп тұр. Ондай жағдайда, ірі көлемде айыппұл төлейді. Ал әкімдік өкілдері құжат рәсімдеу жұмыстарын биылдан қалдырмаймыз деп ант-су ішті. 

Кеше

12 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде