{metadescription}
Таразда адасып жүрген жерінен табылған бүлдіршіннің ата-анасы іздестірілуде
Таразда адасып жүрген жерінен табылған бүлдіршіннің ата-анасы іздестірілуде

Таразда адасып жүрген жерінен табылған бүлдіршіннің ата-анасы іздестірілуде

Таразда 4 жасар баланың ата-анасы іздестірілуде. Өзін Әлихан деп таныстырған балақайдың жақындары жеті күннен бері табылатын емес. Көшеде жалғыз жүрген жерінен оны тәртіп сақшылары бейімдеу орталығына әкеліпті.

Мұндағы мамандар бүлдіршінді танып-білгендер болса хабарласуларын сұрайды. Облыс көлемінде әзірге «бала жоғалттым» деп хабарласқан жан жоқ. Соған қарағанда адасқан бүлдіршін өзге қаладан болуы мүмкін. Тілі толық шықпаған ол тек анасының есімі Алтынай екенін айтып, сол шешесі екеуі Алматыдан Тараздағы әжесінің үйіне қонаққа келгенін әзер түсіндірген. Ал одан өзге мәлімет жоқ. Бала бейімдеу орталығына тез үйреніп, мұндағылармен тіл табысып үлгеріпті. Алайда анасын қатты сағынғаны байқалады. 

- Мен сені сағындым, мені алып кетші. 

Кеше

19 сәуір

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.