{metadescription}
Ақтөбе облысында төрт түлік жаппай бруцеллезге шалдығып жатыр
Ақтөбе облысында төрт түлік жаппай бруцеллезге шалдығып жатыр

Ақтөбе облысында төрт түлік жаппай бруцеллезге шалдығып жатыр

Сау деп кеткен малдан санаулы күннен соң сары ауру табылды! Ақтөбе облысында бүтін бір ауылдың төрт түлігі осымен үшінші жыл бруцеллезге шалдығып жатыр. Енді жұрт малын жаппай арзан бағаға өткізуі тиіс. Бірақ ауылдықтар жергілікті ветеринарларға сенуден қалған. Өйткені қан алған мамандар қайта-қайта шатасыпты. Оның үстіне, ауру қара халықтың азын-аулақ малынан табылғыш. Ал әкімдерге жақын жүретін қожалық иелерінің ауру деген сиырларының өзі қағаз жүзінде сауығып шыға келеді екен.

Ауылдың тұрғындары төрт түлік малдың арқасында күнелтіп отыр. Әсіресе сиырларының күнделікті қаймағын қалқып, майын шайқап сол арқылы ас-суын айырады. Ал биыл өзге түгілі өздерінің аузы ақтан қағылмақшы. Өйткені мүйізді ірі қарадан бруцеллез дертін тауып, қоралары қаңырап қалғалы тұр.

Мәртөк ауданындағы бұл ауылдың халқы мал дәрігерін көрсе қаралай шошиды. Тіпті оларды қаралы хабар жеткізуші деп атап кеткен.

-Осы тұрғанда өзім сөйлей алмай жатырмын. Қаншама мал бәрі кетті.

Ең қызығы, жайылымы бір көршілес жатқан өзге ауылдардың малы сау. Ала-бөле үш жыл қатарынан осы елді-мекендегі төрт түлікті вирус айналшықтап шықпай жүр. 

Сара Бәйденова, Қазақстанның 13 жылдығы ауылының тұрғыны:

-Осы жолы кілең ұрғашылары кетіп тұр. Сиыр, қашар басқа ештеңе жоқ. Мінекей, 12 шақырым қасымыздағы іргеміздегі әкімнің тұрған жерінде малдар тұр. Бір көше солайымен бұзау тастаған. Малы бізге келіп қонып жүр. Таза дейді. Ал менің Байнассайдан алған малым ауруға ұшырапты.   

Ауыл тұрғындары ауру малды етке өткізуге әзір. Бірақ бруцеллезге жүргізген сараптама қортындысына күмәнмен қарайды. Өйткені қан алған мамандар алғашқыда сау деп танып, артынан сөздерінен айнып қалған. Ал жаппай дертті болды деген қожалықтың ірі қарасы керсінше ауруынан айығып кетіпті.

Жанат Күлқашова, Қазақстанның 13 жылдығы ауылының тұрғыны:

-Күмәнданамын. Мынау шықты деп келді бірінші күні қол қойдырып, нөмір бойынша келіп айтып кетті. Енді ертесіне келіп, бұл жоқ нөмір бойынша. Басқа 13 бас шығып тұр. Кілең сауынды сиырлар.

Ал әкімдікке әдеттегідей өздерінен басқаның барлығы кінәлы. Бұл жолы да шенеуніктер зертханашы қағаздан шатасқан деп ақталуға тырысты. Ал үш жыл қатарынан неге ауру шығып жатыр дегенмен ешқайсың бас қатырғысы жоқ.

Мақсат Жұмағалиев, Мәртөк аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі басшысының орынбасары:

-Зертханадан келген қыз бала қате жіберген. Енді тұрғындардың күмәнін сейілту үшін тағы сараптама жүргізбекшіміз. Оған комиссия құрдық. Құрамына екі ауыл тұрғыны кіреді.

Ауызы күйген жұрт енді жергілікті шенділерге сенбейді. Сондықтан ауданға қатысы жоқ тәуелсіз зертхана іздеп көрмекші. Егер қортындысы сәйкес келмей жатса, аудан әкімнен бастап барлық жауапты шенеуніктердің үстінен сотқа шағым түсіреміз деп отыр. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде