{metadescription}
Жаңадан сайланған депутаттар тәулігіне 120 мың теңге тұратын қонақүйде тұрып жатыр
Жаңадан сайланған депутаттар тәулігіне 120 мың теңге тұратын қонақүйде тұрып жатыр

Жаңадан сайланған депутаттар тәулігіне 120 мың теңге тұратын қонақүйде тұрып жатыр

Жаңадан сайланған Мәжіліс алғашқы жалпы отырысына қызу дайындалуда. 107 депутат жеке кабинеттеріне жайғасып та үлгерді.   Қазір Парламент әкімшілігі халық қалаулыларының құжаттарын жинап, қызметтік пәтерлерін де әзірлеуде. Ал, уақытша баспанасыз жүрген мәжілісмендер Астанадағы бесжұлдызды қымбат қонақүйде тұрып жатыр. Жәудір Оразхан су жаңа депутаттардың жеке кабинетін көріп және қайта сайланған ескі мәжілісмендердің «Нұрсаядағы» қымбат пәтерінде қонақ болып келді. 

Мәжілістің дәлізінде таңнан бері абыр-сабыр. Жұмысқа жаңадан кірісіп жатқан депутаттар жеке кабинеттеріндегі жиһаздарды ауыстырып әлек. Мынау Қазақстан халқы ассамблеясының атынан сайланған Наталья Жұмаділдаеваның жұмыс орны. Қызылордадан бір жүгін әкелмеген су жаңа депутатқа экс-мәжілісмен Оразкүл Асанғазының кабинеті бұйырыпты.

Наталья Жұмаділдаева, Мәжіліс депутаты:

 -Кабинетте жұмысқа керек негізгі заттың бәрі бар. Қазір мен жалпы отырысқа қызу дайындалудамын. Демалыссыз заң жобаларымен танысып жатырмын. Жеке ұсыныстарымды дайындап та қойдым. 

30 жыл педагог болған Наталья Жұмаділдаева киім үлгісін де ауыстырмаймын деп отыр.

Жұмаділдаеваның жайлы  кабинетінен шыққан соң дәлізде өмірі күрт өзгерген ең жас депутат Геннадий Шиповскихты кездестіріп қалдық. Ол да жеке кабинетін көрсетіп мақтанды.

Геннадий Шиповских, Мәжіліс депутаты:

-Көмекшім. Бұл жігіт қазір жұмыстарымен жүріп жатыр. Ауысу барасында. 1-2 күнде тағайындалады ол жігіт. Енді бері қарай келсеңіздер, менің жеке кабинетім. Өздеріңіз көріп тұрғандай, осы қазіргі таңда жұмыс барысына кірісіп жатырмыз. Бұл жерде құжаттар, документтеріміз жұмыс барысында дайындалып жатқан.

Машинистің көмекшісі болып жүрген жерінен Мәжілістен бір-ақ шыққан Геннадий Шиповских өзімен бірге қазақ тілінде жазылған мына кітапты ғана ала келіпті. Уақыты өте тығыз, кеудесіне депутаттық төселгісін тағып, партияның алғашқы фракциялық отырысына асықты. Ал, қайта сайланған ескі депутаттар сол бұрынғы жұмыс орындарында отыр. 80-ге таяп қалған коммунистер көсемі қайтып келетініне сенімді болса керек, 5-ші шақырылым тарағанда кабинетіндегі жеке заттарын жинастырмаған да.

Владислав Косарев, Мәжіліс депутаты:

-Қонаевтың портреті. Димаш Ахметұлына 100 жыл толғанда тапсырыс беріп салдыртқанмын.

Косарев кабинетінде тұрып, биыл ауыл шаруашылығына арналған жер телімдерін жаппай сатуға шығарғалы жатқан Үкіметке қарсылық білдіретінін айтты. Кейін қызметтік пәтеріне қонаққа шақырып, кофе әзірлеудің құпиясымен бөлісті.

Бұрынғы депутаттардың барлығы осы Нұрсаядағы баспаналарында тұрып жатыр. Мәжілісмендердің қызметтік көліктері де дайын. Кез-келген уақытта жүргізушіні шақырта алады.

Ал, жаңадан сайланған депутаттар әзірге қызметтік пәтерлерге жайғасып үлгерген жоқ. Аймақтардан көшіп келгендері Астанадағы   бесжұлдызды мына қытайлық қонақ үйде мемлекет есебінен тұрып жатыр. Бұл элиталық қонақүйде бір күн түнеп шығу 120 мың теңге. Бюджетке шығын болмасы үшін, мұндағы халық қалаулыларының құжаттары дайын болғанда, олар да тегіс «Нұрсаяға» көшеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ
Қазір эфирде