{metadescription}
Мәдениет министрі Тәуелсіздіктің 25 жылдығына шетел әншілерін шақыртудан бас тартты
Мәдениет министрі Тәуелсіздіктің 25 жылдығына шетел әншілерін шақыртудан бас тартты

Мәдениет министрі Тәуелсіздіктің 25 жылдығына шетел әншілерін шақыртудан бас тартты

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы 25 күн бойы атап өтілмек. Бүгін Астанада құрамына ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, министрлер кіретін мемлекеттік комиссия ұлан-асыр тойдың жоспарын құруға кірісті. Жалпыхалықтық мерекелер қала, аудан тіпті шалғай ауылдарды да қамтымақ. 

Концерт, көрме, басқа да мыңдаған түрлі мәдени іс-шаралар тойдың көрігін қыздырады. Мәдениет министрлігі бюджет ақшасын үнемдеу үшін концертке тек отандық әншілерді шақыруға уәде етіп отыр. Ал ұйымдастыру жұмыстарына жастар да тартылмақшы. Жаппай мерекелік думандар басталмас бұрын, жергілікті әкімдіктер құбыр тартып, ауыз суды ауылдағы  әр үйге тартып беруі тиіс. Сонымен қатар шұрық-тесік жолдар жөнделіп, көшелерге тал егіледі. Мемлекеттік комиссия Тәуелсіздіктің 25 жылдығы тек той тойлаумен емес, тағылымды істермен де есте қалдырмақ ойда.

Нұрлан Ерімбетов, Қазақстан Азаматтық альянсының басшысы:

-Жерді ешкім тартып алған жоқ. Қанша байлығымыз бар,осының бәрін ұстап тұруымыз керек.  Осының бәрін қорғап тұруымыз керек. Мәселе осыда. Біз тек алға басамыз. Біз тек көбейеміз. Сондықтан бала туыңыздар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.