{metadescription}
Атырауда танысқан бойдақ жігітіне ашуланған келіншек оның машинасының тас-талқанын шығарды
Атырауда танысқан бойдақ жігітіне ашуланған келіншек оның машинасының тас-талқанын шығарды

Атырауда танысқан бойдақ жігітіне ашуланған келіншек оның машинасының тас-талқанын шығарды

Келіншекпен көңіл көтерем деп көлігін құртты! Атырауда жаңа танысқан жігітпен әңгімесі жараспаған әйел оның машинасының тас-талқанын шығарды.

Атыраулық жігіт Маңғыстау облысының Бейнеу ауданынан келген келіншекпен танысқан. Бұрын тұрмыста болған 23 жастағы әйел оны досымен бірге құрбысы екеуі тұрып жатқан пәтерге қонаққа шақырыпты. Бірақ, түнімен ішіп-жеп, көңіл-көтерген жастардың арасында таңға жуық  дау-дамай шықса керек. Осыған ашуланып, әрі ішімдіктің буымен келіншек бойдақ жігіттің Приорасының быт-шытын шығарды. Әйнектерін сындырғаны аздай, кірпішпен ұрып, капотын майыстырған. Долы әйелдің әрекетін қарама-қарсы үйдің тұрғыны түсіріп алыпты. Ал тәртіп сақшыларын оқиға орнына көлік иесінің өзі шақырған көрінеді. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде